ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Золотая книга
Софийская Вера Евгеньевна
Софийская Вера Евгеньевна

Софийская Вера Евгеньевна – педагог по призванию, внесшая личный вклад в развитие системы дошкольного воспитания города Павлодара. Её отличает высокий профессионализм, целеустремленность и преданность делу.

40 лет трудовой деятельности прошли в стенах детского сада № 11, одного из старейших учреждений города. Педагогический коллектив под её руководством занимал достойное место среди дошкольных организаций города.

Труд Веры Евгеньевны отмечен нагрудным знаком «Отличник образования Республики Казахстан»

Локтева Зоя Николаевна
Локтева Зоя Николаевна

Афанасьева Валерия Никандровна
Афанасьева Валерия Никандровна

Петрова Валентина Михайловна
Петрова Валентина Михайловна

Бакирова Шолпан Мухтаровна
Бакирова Шолпан Мухтаровна

Манабаева Гүлбайрам Рахымқ
Манабаева Гүлбайрам Рахымқ

Манабаева Гүлбайрам Рахымқызы – 1951 ж. 25 қарашада дүниеге келген.

№35 жалпы орта мектебінің ұстазы, қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі.

Болашағымыздың тұтқасы, жас ұрпақтарды тәрбиелеу және терең де жан - жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. «Ел ісіне жұмсалған еңбекті ерлік деп санау» - ұстаздың ұраны. Ол жеткен жетістіктер мен асқақ асулар көп - ақ. Атап айтсақ, бірнеше рет Мәскеуде, Бүкілодақтық «Артек» пионер лагерінде, Атырау облысының «Алға» орта мектебінің директоры Құсни Атқалиевтің авторлық мектебінің жұмысына қатысып, іс -тәжірибесімен алмасты.

1990 жылдан бастап Қ. Бітібаеваның Республикалық авторлық мектебінің

мүшесі. Осы жылдары бірнеше рет Алматы, Өскемен, Талдықорған қалаларында республикалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің алдында сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Қ. Бітібаеваның 60 жылдығына арналған Халықаралық конференцияға қатысып, «Оқыту үрдісінде қазақ әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныту» тақырыбында баяндама жасады.

8 – 11 сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламасының авторы.

Шевченко Елена Федоровна
Шевченко Елена Федоровна

Шевченко Елена Федоровна родилась 23 марта 1928 года.

Елена Федоровна строила среднюю общеобразовательную школу № 34,

руководила ею 12 лет. Школа под ее руководством обрела статус школы передового педагогического опыта, базовой школы областного института повышения квалификации. Творческая деятельность школьников, массовое занятие учеников спортом и туризмом, высокие результаты обучения – все это стало прочным фундаментом для имиджа любимой ею школы. Беззаветно любя дело, которому посвятила свою жизнь, опытный педагог, наставник, Елена Федоровна сплотила вокруг себя творческих педагогов, деятельность которых была хорошо известна не только в городе, но и в области, стране.

За особые заслуги в области образования была награждена нагрудным значком «Отличник народного просвещения Казахской ССР», медалью им. Ы. Алтынсарина.

Нұрахметова Шолпан Саменқызы
Нұрахметова Шолпан Саменқызы

Нұрахметова Шолпан Саменқызы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.

Туған күні: 24.01.1959 ж.

Еңбек өтілі: 47 жыл.

Бітірген оқу орындары: В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училище, К. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты, Павлодар марксизм-ленинизм университеті, Павлодар мемлекеттік университеті.

Марапаттары:
 - 2017 жылы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің «Құрметті қызметкері» атағы мен төсбелгісі берілді:

- 2023 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Академияның Құрмет грамотасымен марапатталды:
- 2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:
- 2024 жылы Павлодар қаласының білім беру жүйесіне үлес қосқан педагогтердің «Алтын есімдер» кітабына енді:

- 2004–2010 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан марапатталды:

- Павлодар облыстық білім беру басқармасы мен білім беру бөлімі тарапынан бірнеше рет Құрмет грамоталармен марапатталған:

- 1984 жылы БЛКЖО Орталық Комитетінің, 1985 жылы ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі, саясаттанушы, психолог.
Санаты:«Педагог–зерттеуші», 2022 ж.

1978 жылы В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдады.

1984 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша Петропавл педагогикалық институтын бітірді.

1986 жылы Павлодар марксизм-ленинизм университетін саясаттанушы мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады.

1990 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің практикалық психолог мамандығы бойынша жеделдетілген курсын тәмамдады.

Еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде 1978 жылы Качир ауданында бастады.

1980 жылдан бастап 1986 жылға дейін Железин № 1 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, мұғалімдер комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істеді.23 жасында КПСС партиясының мүшесі атанып, жас педагогтерден құралған аудандық педагогикалық отрядты басқарды.1980 - 1986 жылдары Песчаное және Башмачное ауылдарындағы жазғы пионер лагерінің директоры қызметін атқарды.

1986 жылдан бастап 16 жыл бойы Павлодар қаласындағы №15 орта мектепте директордың орынбасары, мектептің партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды.

1998 жылы Индустриалдық аудандық білім беру бөлімі жабылғанға дейін бас маман қызметін атқарды.

Әдістемелік кабинетті басқарған жылдары жыл сайын облыстық «Үздік әдістемелік кабинет» байқауының жеңімпазы атанды. 2017 жылы өткен республикалық «Үздік әдістемелік кабинет» байқауында Павлодар қаласының әдістемелік қызмет жүйесін «Өрлеу» біліктілікті арттыру республикалық институтының ғылыми кеңесінде қорғау нәтижесінде, әдістемелік кабинет республика бойынша ең үздік деп танылды.

Қаланың педагогтері мен білім беру ұйымдарының басшылары республикалық, облыстық, қалалық, кәсіби байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып келеді.
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің электронды банкі құрылды. Педагогтер Ұлттық тестілеу орталығы, Ы. Алтынсарин атындағы Академия және Оқу-ағарту министрлігіне арналған тест тапсырмаларын, әдістемелік ұсынымдарды, авторлық бағдарламаларды әзірлеушілер мен сарапшылар қатарында.2010 жылдан бастап «Жас маманның кәсіби және тұлғалық қалыптасуы» («ПроЛС») жобасын басқарып келеді. Бұл жоба жыл сайын болашағы зор, білім беру ұйымдарының басшылары қатарын толықтыратын жас мамандарды даярлауға жол ашады. Жүйелі түрде жас директор орынбасарлары мектебі, үш күндік жазғы көшпелі директор орынбасарларының мектебі, жас директорлар мектебі жұмыс істейді.2010 жылдан бастап электронды әдістемелік дайджест жүргізіледі, әр тоқсанда ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік ойындар (ҰІӘО), инновациялық технологияларды енгізу бойынша тренерлерді даярлау мектебі өткізіліп, тренер сертификаты беріледі.2015 жылдан бастап Павлодар қаласының әдістемелік қызметі білім беру ұйымдары мен педагог-зерттеушілердің, шебер педагогтердің инновациялық тәжірибесін Instagram, Facebook, Одноклассники әлеуметтік желілерінде таратып келеді.2022 жылдан бастап жыл сайын «Жас педагогтің көшбасшысы», «Инклюзивті білім берудің көшбасшысы» атты электронды құралдар жарық көреді.

Ы. Алтынсарин атындағы Академиямен бірлесіп «Инклюзивті білім беру: мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Астана, Қарағанды, Семей, Қостанай, Көкшетау, Екібастұз, Ақсу қалаларының әдістемелік қызметкерлерінің қатысуымен алғашқы республикалық ғылыми–практикалық конференция өткізілді.

Республикалық және облыстық журналдар мен газеттерде ғылыми-әдістемелік мақалалары жарық көрген:«Әдіскер.Методист», 2021 ж., «Альманах», 2022 ж., «Білімді ел», 2022 ж., «Ұстаздар газеті», 2019 - 2024 жж. және т.б.

2009 жылдан бері педагог кадрлардың біліктілігін арттыру республикалық институтының «Өрлеу» филиалымен, Педагогикалық шеберлік орталығымен, Павлодар педагогикалық университетімен, Инновациялық Еуразия университетімен тығыз әлеуметтік әріптестік орнатылған.

2020 жылдан бастап ПШО-мен бірлесіп қалалық мектептердің жас мамандарының кәсіби қалыптасуына бағытталған жоба жүзеге асырылуда. 2021 жылдан бастап ИнЕУ-мен бірлесіп «Инклюзивті білім беру: жаңа сын-қатерлер мен даму келешегі…» жобасы іске асырылып келеді.

бiрiншiсi 1 2 3 4 кел. соңғысы соңғысы