ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алла Петровна Басевская
Дәреже: Золотая книга
Алла Петровна Басевская
Алла Петровна Басевская 1956 жылы туылған, тұрмыста, екі ересек ұлдары бар. Еңбек жолының алғашқы күндерінен бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Кәсіби қызметін 1980 жылы Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасында бастайды. 1987 жылы В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік бітіреді. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Мектепке дейінгі педагогика мен психология» мамандығы бойынша оқып үздік дипломмен бітіреді және әдістемелік жұмысқа ауыстырылады. 1995 жылдан 2007 жылдар аралығында Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасын басқарды. Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп 2010 жылға дейін басшылық етті. 2010 жылы Республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп, осы уақытқа дейін басшы қызметін атқарады. 2013 жылы сәбилер бақшасы «Үздік қазақ тілі кабиенеті» байқау-конкурсында бірінші орын, 2014 жылы «МДМ Үздік алаңқай» қалалық байқау-конкурсында 1-орын (Гран-при), 2015 жылы қаланың мектепке дейінгі мекемелері арасында білім беру қызметін сапасы бойынша 1-орын алды. 2016 жылы сәбилер бақшасы облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» конкурсы бойынша жеңімпаз атанды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне көп жылдық табысты еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы мен жеке сіңірген еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белігісің иегері, түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.