Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Решетова Наталия Владимировна
Дәреже: Оқытушылар
Решетова Наталия Владимировна

Кәсіби дайындығының жоғары деңгейі бар, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер мен композицияны оқыту әдістемесін меңгерген мектептің жетекші ұстазы. "Өрлеу" БАИ-да "Менің Қазақстаным" атты бейнелеу өнері оқытушыларының облыстық шығармашылық байқауының жеңімпазы (III дәрежелі диплом, 2018ж., I дәрежелі диплом, 2019ж.). ЮНЕСКО қамқорлығымен ұйымдастырылған "Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан" атты жобаға жеңімпаздарды жоғары деңгейде дайындағаны үшін дипломмен (Алматы қ., 2019ж.); XIV Халықаралық "Пушкин балалар көзімен" балалар суреті байқауының алғыс хатымен (Мәскеу қ., 2018ж.), "Здесь Родины моей начало" халықаралық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының дипломымен (Ресей, 2019ж.), "Рождественская -2020" XXV халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы байқауының Алғыс хатымен (2020ж.), "Птичий перезвон" республикалық экологиялық фестивалінің алғыс хатымен (Ақсу қ., 2018ж., 2020ж.), Македониядағы халықаралық балалар суреті байқауының алғыс хатымен (2020ж.), республикалық балалар суреті және сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауының алғыс хатымен "Рождестволық қиялдар" (2018ж.), "Қысқы қиялдар" өңірлік байқауының алғыс хатымен (2018ж.), акварельді кескіндеме бойынша облыстық байқаудың алғыс хатымен (2018ж.). марапатталды.