НУРЕКЕНОВА ЗЕЙНЕГУЛ КАЛАМТАЕВНА
ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
- Тәрбие үрдісінің, үйірмелер жұмысының, мектептік іс-шараларды өткізудің сапасына жүйелі бақылау жасауды жүзеге асырады;
- Мектеп жұмыскерлерінің жаппай құқықтық оқуын жүргізеді;
- Сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларға, үйірме сабақтарына қатысады, олардың формалары мен мазмұнын сараптайды, сараптау нәтижелерін педагогтардың назарына ұсынады;
- Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының орындалуын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады;
- Қазақстандық патриотизмге, интернационализмге, азаматтыққа тәрбиелеу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын жүзеге асырады;
- Мектептік музейдің жұмысын бақылайды;
- Ата-аналарға арналған ағартушылық жұмысты ұйымдастырады, ата-аналарды (олардың орнын ауыстырушы тұлғаларды) тәрбие үрдісін ұйымдастырудың мәселелері бойынша қабылдайды;
- Оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге ата-аналардың жұмылдырылуын, ата-аналар патрулінің жұмысын ұйымдастырады;
- Сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтің, мектеп полицейінің, балақ құқығын қорғау жөніндегі инспектордың жұмысын үйлестіреді;
- Азаматтық құқықтық сана тәрбиесін, оқушылардың құқықтық жаппай оқуын және құқықтық тәрбиесін ұйымдастырады;
- Құқықбұзушылықтардың алдын алу Кеңесінің жұмысын бақылайды;
- «тәуекел тобындағы» оқушылармен дербес жұмысты жүзеге асырады;
- Мектептің шағын ауданында рейдттерді ұйымдастырып, өткізеді;
- Оқушылардың кәсіби бағдары бойынша жұмыстарды, негізгі және жоғары мектеп түлектерінің жұмысқа тұруын ұйымдастырады;
- Сынып жетекшілерінің, мектеп психологтарының жұмысын үйлестіреді;
- Еңбек тәрбиесін, еңбек десанттарын, мектеп аумағын көріктендіру бойынша сенбіліктер өткізуді ұйымдастырады;
- Бекітілген есептік құжаттардың уақытылы жасалауын қамтамасыз етеді, сынып жетекшілерімен, өзге де педагогтармен тәрбие жұмысы бойынша құжаттардың дұрыс және уақытылы жүргізілуін бақылайды;
- Директор жанындағы кеңестің хаттамалары;
- Ыстық тамақты, асхана жұмысын ұйымдастырады;
