Балалардың оқуға деген ынтасын ояту үшін ата-аналарға кеңес
Кітап оқу – ол адамды сауаттылыққа үйрету ғана емес, оның ең басты мүмкіндігі:
- зияткерлік даму тұлғасын тәрбиелейді
- алдағы өмірінде ата-аналар-балалар арасындағы жылы, рухани қарым-қатынасты қалыптастырады.
Егерде сіз баланың кітап оқуға деген құлығын оятқыңыз келсе американ психологі В.Уильямның кеңестеріне құлақ салыңыз:
• кітапты оқыған кезде өзіңізде ләззат алып оқыңыз және баланың оқуға деген ынтасын оятыңыз.
• Балаларға кітапты кішкентай күнінен бастап дауыстап оқыңыз.
• Балалар сіздің кітапты ынтамен оқитыныңызды да көрсін: цитата келтіріңіз, күліңіз, үзіктерін оқыңыз, оқығаныңызбек бөлісіңіз т.б.
• Оқудың құнды екенін көрсетіңіз: кітап сатып алыңыз, сыйлаңыз және сыйлық ретінде де алыңыз.
• Балалар кітаптар мен журналдарды өздері таңдап алсын (кітапханада, кітап дүкенінде және т.б.)
• Балаларға сиқырлы ертегілер оқыңыз.
• Баланың қызығушылығын есептей келе журналға жазылыңыз /оның атына!/. Үйде балаларға арналған журналдар мен, әңгіме жинақтары және үлкендерге арналған газеттер болсын.
• Бала кітап оқи алмайтын үйдегі отбасы мүшелеріне немесе өзінің достарына кітап оқып берсін.
• Кітап оқығаны үшін көтермелеңіз: мүмкін жаңа кітап, сурет салу құралдары,театрға билет, хайуанаттар бағына немесе мұражайға апарыңыз.
• үйдің көрінетін жеріне баланың жетістіктерін іліп қойыңыз /қандай мерзім ішінде неше кітап оқыды/.
• егерде сіз балалармен саяхатқа шыққан кезде балаға сол орын жөінінде оқып-білуге ұсыныс жасаңыз (барғанға дейін және кейін)
• Машинамен бір жерге барған кезде магнитофоннан балалар әдеби шығармалар тыңдасын.
• үстел ойындарын ойнаңыздар.
• оқу үшін үйде арнайы орын дайындаңыз (сөрелері бар оңаша бөлме)
• Балалармен бірге кітапханаға барыңыз.
• Көрген фильмдері бойынша балаға сол фильм жөнінде кітап оқуға ұсыныс жасаңыз.
• кітапты сүйіп оқитын баламен достасыңыз.
• үйде балалардың кітапханасы болу қажет.
• Балалармен бірге кроссворд шешіп және оны балаларға сыйлаңыз.
• Баланың жазған шығармалары мен пьесалары үшін көтермелеңіз.
• сүйікті кітаптарына арналған кеш ұйымдастырыңыз.
Жетістікке жетулеріңізге тілектеспіз!
Қолданылған әдебиеттер:
В. Уильямс 75 кеңестер, баланы оқу дағдысын ұстану және тәрбиелеу / В. Уильямс // Бастауыш мектеп: 1999, №10. — С. 72—75.