Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
А.Солтангазинова, педагог-психолог

Қиын балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмыс жүргізу технологиясы

Әр түрлі факторлардың әсерінен қауіпті топқа кіреді. Мұндай балалар категориясына келесілерді жатқызуға болады:

-         заңды күші жоқ жағдайларға байланысты ата-анасыз қалған балалар.

-         Бейәлеуметті, жағдайы нашар отбасыларда тәрбиеленген балалар.

-         элеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін отбасы балалары.

Мндай балалардың дамуы үшін шарттары жоқтығының салдарынан психологиялық және элеуметтік жағымсыз нәтижелерге тап болады. Мұндай бала бір жағынан өмірлік қиын жағдайды немесе әлеуметтік қауіпті ситуацияны өзгертуге, екінші жағынан оның әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық мәселелері мен қиындықтарын шешу мақсатында минимилизациялауға бағытталған көмекті қажет етеді.

:Қауіпті  топ  балалармен  элеуметтік-педагогикалық  жұмыс жасау  екі  негізі бөліктен тұрады:

-   балалар арасында мұндай балалар категориясын анықтап, олармен жұмыс
істеу бағдарламасын ұйымдастыру.

-    балалармен тікелей индивидуалды немесе топтық жұмыс жасау.
Қауіпті  топ  балаларымен  әлеуметтік  педагогикалық  жұмыс  процесінде

шешім калайтын мәселелердің комплексіндегі әртүрлі қызмет мамандарының араласуын талап етеді. Жетекші ролді жалпы білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог атқарады. Себебі жалпы білім беру мекемелерінде оқытушы көз алдында барлық оқушылар жүреді. Баламектепте оқымаса да, әлеуметтік педагог өзіне тапсырылған учаскіде сондай балаларды анықтауға толық құқылы және міндетті. Сондықтан тек мектеп элеуметтік қиын жағдайдағы баланы толық аныктай алады.

Әлеуметтік педагогтың әр бөлініп көрсетілген жұмысы өзіндік әлеуметтік-педагогикалық технологиялармен қамтамасыз етіуі тиіс, оны екі топқа бөлуге болады:

-         ұйымдастырылған әлеуметтік-педагогикалық технологиялар.

-         индивидуалды жұмыстың әлеуметтік-педагогикалық технологиялары. Ұйымдастырылған     әлеуметтік-педагогикалық    технологиялар.    

          Ол қауіпті топ балаларын анықтауға, олардың мәселесін диагностикалауға, индивидуалды немесе топтық жүмыстың бағдарламасын құруға және олардың іске асуына барлық жағдайларды жасауға бағытталған. Әлеуметтік-педагогикалық құрылымдық қызмет бағыты әлеуметтік-педагогикалық төлемдер мен кезеңдерін қажет етеді.

Қауіпті топ жасөспірімдері мен балалардың мәліметтер қорын құру.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі функциясы болып табылады. Себебі жасөспірімдердің мәселесін шешетін әртүрлі құрылымдардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.

Толық мәліметтер қорын кұру бастамасын әлеуметтік педагог атқаруы керек және ол кәмелеттік жасқа толмағандар құқық бұзушылығын алдын алу бөлімініңинспекторымен, ішкі істер органының жергілікті инспекторымен, білім беру басқармасының    қамқорлық    орган    бөлімінің    өкілімен,    кәмелеттік    жасқа толмағандар ісінің комиссиясымен, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органымен бірге жасалуы тиіс.

Толық мәліметтер қоры білім беру мекемесі орналасқан микробөлімшесінде тұратын балалар мен жасөспірімдер тізімін құрайды (ол сол мекемеде оқысын, оқымасын); әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылардан; балаға қарамаған отбасыдан немесе панасыз балалар; қайыр тілеу мен қаңғырумен айналасатын балалар; кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған әлеуметтік реабилитациондық орталықтарда, әлеуметтік паналау орталықтарда, баларға көмек көрсету, ата-ана бақылауынсыз қалғандарға арналған мекемелерде әлеуметтік көмек немесе реабилитацияны қажет ететін балаларға арналған орталықтарда тұратындар; дәрігерлердің белгілемеуі бойынша есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды қолданатын балалар; әкімшілік тәркілеуге әкелген құқық бұзушылық жасағандар; әкімшілік жауапкершілік жасына толмай тұрып құқық бұзушылық әрекеттерді жасағандар; амнистия актісіне немесе қылмыстық жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылғандар, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелік шаралар ықпалымен түзетуге мүмкін болған балалар; қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегендігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылғандар немесе психикалық дамудағы кемшіліктер нәтижесінде, бірақ психиканың бұзылысына байланысты балалар жатады; қылмыс жасағандығы туралы айыпталған немесе күдік астына түскен балалар; жаза уақытын өтеу немесе жазаны қолдану алдында біраз уақыт қалғандар; кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылығына байланысты профилактика бөлімінде тұрған балалар; мектеп ішілік есепте тұрғандар; кәмелеттік жасқа толмағандар ісіне байланысты комиссия есебінде тұрған балалар.

Мәліметтер қорын ұйымдастыруда келесі позициялар ұйымдастырылады: есепке алу себептері қандай; жасөспірімдермен қандай құрылымдар жұмыс істейді; меселені шешу үшін қандай жұмыстар жасалады; белгілі мәселені шешу үшін қосымша қандай жұмыстар істеуге болады; есепке тұрмаған, бірақ есепке алу себептері бар балалар бар ма әлі.

Бұл кезеңде әлеуметтік педагог жұмысы зерттеу мен ұйымдастыру дәрежесінде өтеді. Мәліметтер қорын құру барысында, маман баланың құпияларын сақтап, конфеденциалдылық принципіне сай келуі керек, ақпараттар тек жұмыс мақсатында қолдануы тиіс. Мәліметтерді жинақтап, саралау кезінде әлеуметтік педагог балалар мен жасөспірімдердің мәселерін дифференциялап, қажетті кәсіпкерлік адаптация элементін меңгереді.

Әлеуметтік педагог қызметінің аясына түскен балалар мен жасөспірімдер дамуының әлеуметтік және тұлғалық мәселелерін диагностикалау. Бұлфункция мәліметтер қорына келіп түскен әр баланың әлеуметтік және психолого-педагогикалық ерекшеліктерін нақтылау үшін қажет.

Бұл үшін әлеуметтік педагог бала тап болған ситуацияны анықтау мақсатында баламен, сынып жетекшісімен, ата-аналармен жұмыс істейді.

Әлеуметтік педагог:

-         баланың        индивидуалды        ерекшеліктерін        зерттеп        оның қызығушылықтарын   зерттеп,   оның   қызығушылықтары   мен   қажеттіліктерін, киыншылықтары   мен   алаңдататын   мәселелерін,   конфликттік   жағдайларын, тәртібіндегі ауытқуларын көрсетіп, оның себептері мен конфликттік жағдайдының пайда болуына себеп болған негіздерді анықтайды;

-         баланың өмірлік қызметінің микроортасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері мен шарттарын зерттейді;

-         элеуметтік педагог психолого-педагогикалық диагностикасының бекітілген нэтижесін қолдайды.

Сонымен қатар педагогикалық диагностиканың негізгі құралы бақылау болып табылады, ол бала мен әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық өзара ықпалын және келесі әсер ететін шараларды алдын ала анықтайды.

Баламен, топпен, қоғаммен жұмыс істеуде әлеуметтік-педагогикалық бағдарлама құру мен бекіту.Диагностика нәтижесі бойынша элеуметтік-педагогикалық мәселенің мәні мен мәселелердің жиынтығын анықтап, оларды индивидуалды және топтық жағдайда эффективті шешу үшін адекватты әлеуметтік, психолого-педагогикалық құралдарды анықтайды.

Индивидуалды әлеуметтік-педагогикалық бағдарлама диагностика жүргізу кезінде анықталған жасөспірімдер тобының мәселелерін шешу үшін құрастырылады.

Қоғамдық бағдарламалар бірнеше топқа немесе мектеп ұжымының жартысында бар мәселелерді шешу үшін жасалып, жалпы мектептік бағдарламаға енгізіледі.

Индивидуалды, топтық, қоғамдық бағдарламалар мәселені шешу үшін кажетті барлық ұйымдардың, әкімшілік қатысуымен құрастырылады .

Барлык құрастырылған бағдарламалар келесі мінездемелерге сай болуы керек.

-         әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістері, формалары мен құралдарының орындылығы, соның ішінде әртүрлі ұйымдар, әкімшілік мекемелерді қатыстырудың орындылығы;

-         болжамдылық;

-         күтілетін нәтижені өлшенуі.

Индивидуалды, топтық бағдарламалар проекттісі ғылыми консультанттармен рецензияланып тексеріледі, кейін білім беру мекемесінің методикалық немесе педагогикалық алқасымен ортаға салынады.

Бағдарламаны жүзеге асыру шарттарымен қамтамасыз ету. Әлеуметтік педагог қиын бала мен білім беру мекемесінің, отбасының, арнайы әр түрлі қызметтердің, әлеуметтік органдардың арасында делдал болып табылады. Әлеуметтік педагог кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссиямен, білім беру басқармасымен және мектеп басшылығымен бірге бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне байланысты бағдарлама жүзеге асыру үшін қатысатын барлық ұйымдарға тапсырмаларын бөліп береді. Индивидуалды әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалайды, нәтижелерді бақылайды. Ақпаратпен қамтамасыз етеді: комиссия тапсырысы бойынша индивидуалды бағдарламаның жүзеге асырудағы ұйымаралық құрылымдардың өзара ықпалының нәтижесі туралы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша  комиссияны; бағдарламаның орындалуы жайлы мектеп директорын; бағдарламанын орындалуына байланысты мектепішілік құрылымдардың өзара карым-катынасының нәтижесі жайлы педагогтарұжымын; бағдарламаның орындалуына байланысты мектепішілік құрылымдардың өзара қарым-катынасынның нәтижесі жайлы білім беру басқармасының бастығын.

Кеңес беру.Берілгенфункция қауіпті топ балаларының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерінің шешілуінде қызыққан адамдарға кеңес беруді ұйғарады. Бұл мақсатпен әлеуметтік педагог мектептерде белгіленген жұмыс уақытының кестесі бойынша оқушылармен, ата-аналармен, мүғалімдермен және өздері сұраған басқа да адамдармен кеңес өткізуді қарастырады.

Әлеуметтік педагогтың ұйымаралық байланыстары.Әлеуметтік педагог білім беру мекемесінің әлеуметтік психологиялық қызметінің құрамында жұмыс істеу кезінде психолог және басқа да арнайы қызметтермен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар ісіне байланысты комиссия хатшысы болады.

Әлеуметтік педагог клиент құпиялары мен конфеденциалды нормаларын сақтауға байланысты ұйымаралық байланысы шектеледі.

Әлеуметтік педагог бүкіл әлеуметтік-психологиялық қызметке байланысты кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылық және панасыздығын мемлекеттік жүйе шеңберінде профилактикалау және оларға көмек пен қолдау көрсетуге арналған ұйымдар мен қызметтермен байланыс орнатудың инициаторы мен ұйымдастырушысы болуы керек.

Оқытушы оқушылармен жұмыс істеу барысында олардың индивидуалды ерекшеліктерін және индивидуалды ерекшеліктерін зерттеудің негізгі принциптерін білуі тиіс, себебі олармен дұрыс жұмысты ұйымдастыру үшін нндивидуалды жақындауды құрауды білуі үшін.

Оқытудың индивидуализациясы оның даму деңгейі, мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне байланысты оқыту қызметін ұйымдастыруын ұйғарады. Сонымен қатар оқушыларда жұмыстың индивидуалды стилі, іс-әрекетін индивидуалды өзіндік тәсілдерін қалыптасуы өте маңызды және бұл тәсілдер игерілген білім, дағды, машықтардың соңғы нәтижелеріне байланысты азды-көпті тең болуы керек. Оқыту оқушының индивидуалділігінің тіпті ересектік жасында еңбек шығармашылығымен әрекет болуы үшін максималды еңбек шығармашылығын әрекет болуы үшін максималды жасау керек.

Оқытудың индивидуализациясы әрекеттің ұжымдық, жаппай, топтық
түрлерін, ұжымдық мақсаттың оқыту, оқытудағы «оқушы-оқушы»
байланысындағы, топтық қызметте өз бетімен жұмыс істеуге үлкен
акценті күшейтуге           ұйғарады. Бастауыш         сыныптарда           оқытудың

индивидуализациясы баланың мектепке дайын еместігін көруде ғана емес, ал оның психофизиологиялық даму ерекшеліктерін анықтап, соған байланысты оқу процесін құру.

Педагогикалық қараусыз қалған балаларды қайта тәрбиелеу келесі приципиалды жағдайға байланысты жүргізілуі тиіс.

Біріншіден, дамудың дұрыс қалыптаспауы келесі себептер комплексінің нәтижесі: нашар отбасылық жағдайдың теріс ықпалы; мектептегі сәтсіздіктер, мектеп өмірі мен ұжымнан бөлектенуі; бейәлеуметтік қоршаған орта.

Тәрбиелік ықпал етудің жалпы стратегиясы отбасыны, жақын қоршаған ортаны есепке алуы тиіс. Ата-аналарға мектепті ықпал етуді ішкі қарым-қатынасты қайта құруға қиын балаға көп көңіл аударуға, оларды оятуға қаншалықты мүмкін екендігін салыстырып, оларға бірқатар нақты шаралар туралы кеңес беріп, бірігіп тәртіпті анықтау. Сонымен қатар мектепте бұл балаға деген көзқарасын ауыстырып, оны түзетілмейтін оқушы деп санамай, индивидуалды тәсілдер тауып ұжымдық істерге эуестендіру. Егер отбасыдағы шиеленіс тереңдеп өзгеретін болса, онда мектеп отбасы тәрбиесінің орнын толтыруы керек. Сонында, оқушының айналасындағыларда да ықпал етіп олардың айналасу бағытын қайта құру керек, ал егерде бұл іске аспаса онда оқушыны сол компаниядан алшақтатқан дұрыс.

Екіншіден, педагогикалық қараусыз қалғандықты жою, тұлғаны түзетуде тек ұстаздардың, мектептің күшімен мүмкін емес. Бұл жұмысқа мектептен басқа отбасы, балаға қатысты ұйымдар, мектептен тыс кеңселер, қоғамдық ұйымдар атсалысуы тиіс және барлық шарттарда дені сау балалық ұжымдарға сүйеніп сол арқылы бірігіп жұмыс істеуі керек. Тек бірігіп жұмыс істеу нәтижесінде ғана бұл мәселені шешуге болады.

Үшіншіден қайта тэрбиелеудің негізгі құралы болып қиын баланың өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыру болып саналады.

Төртіншіден, қайта тәрбиеуді кемістік пен мінді алып тастау деп қана түсінуге болмайды. Қайта тәрбиелеу - бір жағымды әдеттер мен қасиеттерді, дені сау әдептер тенденцияларын мұқият үгіттеп, дамытуды қалыптастыру.

Бесіншіден, қиын оқушыны өзіндік тэрбиелеу процессін қатыстыру, өз кемшіліктерімен күресін ұйымдастыру. А.И.Кочетов қиын оқушыларға тәрбиелік ықпалдың жүйесін ашып көрсеткенде тұлғаның қиын тэрбиеленуінің қалыптасуы өзіндік тәрбиелеу мен тәрбиелеудің жай өлшемдері мен қайта тәрбиелеудің байланстырылуы. Басқаша айтқанда, қиын бала қайта тәрбиелеудің пассивті объектісі болмауы керек, оның базалық әдетті күштерін өз кемістіктері мен кемістіктерімен күресуге қолданып, өз тұлғасын белсенді ету керек.

Қайта тәрбиелеу процессі тәрбиелеуші үшін де тәрбиеленуші үшін де қиын болып келеді. Тәрбиеленуші жаңа жолдың болашағымен қызығуы тиіс, тэрбиеленуші - адамға сеніп, оның өткенін, қазірін аналаиздеп, болашағын көріп, тәрбиелік мақсат қойып, оның орындалуы қадағалау әлеуметтік қызметкер балаға өз тәртібін, қызметін, санасын, талпыныстарын, сенімдері мен еріктерін түбімен өзгертуге көмектеседі.

Қайта тэрбиелеу процесі төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші - жасөспірімді және оның қоршаған ортасын зерттеу.

Екінші - қайта тәрбиелеуге жасөспірімнің психологиялық дайындығын қамтамасыз ету . Жасөспірімен әңгімелесуді, сенімге кіруді, қандайда қызметпен айналасуға қызығушылығын оятуды қамтиды.

Үшінші - өнегелі жағымды қасиеттерді қылықтарды жасөспірімдермен игеру процессі. Бұл процесті бақылап әрбір жетістіктерде оқушыны мадақтап, оны өз тәртібін ары қарай өзгертуге бағыттап отырған дұрыс. Бұл кезде тәрбилеушінің өз қылықтарын өзі бағалауға, олардың жағымды немесе жағымсыз жақтарын, себептерін және тәртіптің ары қарай өзгеруін өз бетімен шешуге үйренуі ең бастысы. Бұл жұмыстағы әлеуметтік-педагогикалық мақсаты қиын балалалрда      пайда         болған       мәселені     бастан         кешіруге және өз өмірін өз бетімен өзгертуге үйрету.

Төртіншіден, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиеленуші дағдарыстан өз бетімен шығуы керек.

Барлық айтылған кезеңдерде тәрбиелеуші косультант ретінде келеді. Қайта тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушіден басқа жасөспірім айналасындағы тәрбиленушілер тобы кіретінін ұмытпаған жөн. Арнайы орталықтарда әлеуметтік-педагогикалық топпен жұмыс істейді, сондықтан әр тәрбиеленушіні жеке зерттемейді, топты біртұтас зерттейді. Ол барлық тәрбиленушілердің топтағы қарым-қатынасының кикілжіндерін, топтың әр жасөспірімге ықпалын, топтағы қандай жүұмыстар оны ең көп қызықтыратын барлығын білуі керек.

Қиын тәрбиеленетін жасөспірімдерді қайта тэрбиелеуде А.С.Макаренко «жарылыс әдісі» тәжірибесіне жүгінуге болады, жасөспірімнің қиын ситуациядан шыға алмауын түсініп, өз өміріне деген жеккөрініштікті сезінуі. Жасөспірімде одан да жақсы болу қажеттілігі туып, өз қылықтары мен әдеттерін өзгерсе, жетістіктерге жетуі болатындығын түсінеді.;

Қиын балалардың шыдамсыз екендігін ескере отырып, әлеуметтік педагог сабырлықты, ұстамдылықты және шыдамдылықты тәрбиелейтін қызмет түрін таңдауы керек.

Реабилитациондақ орталықтарда жасөспірімдермен жұмыс істей отырып, әлеуметтік педагог оны жетістікке жеткізетін бірнеше шарттарды есте сақтауы тиіс.

Педагог пен тәрбиеленуші арасында өзара түсініспеушілікке жетуге арналған толық технология психолог Л.Б.Филонов еңбектерінде жазылған. Бұл процесте ол бірнеше кезеңдерді белгілейді: көзқарастары қиылысатын нүктені табу, тәртіп ерекшеліктері мен жасөспірімнің қызығуын аңғару, сыртқы ыкпалдарға реакциясы мен тұлғалық теріс қасиеттерді анықтау, өзара ықпалмен жалпы тәртіп нормаларын шығару.

Ғалымдар жасөспірімге қажет экономикалық және құқықтық білім бағдарламаларын жасап шығарды. Бұл білімді игере отырып, бала қоршаған ортада оңай бейімделіп, кейінгі ересектің өміріне аяқ басқанда оның әлеуметтенуі бір қалыпты және жеңіл өтеді.

Девиантты тәртіпті балада дұрыс адами қарым-қатынас қабілеттілігі бұзылған. Олар ерсектерге деген сенімділікті жоғалтып құрдастармен дөрекі және ызалы болып келеді.Сондықтан тәрбиелеудегі қарым-қатынас қабілеті - олардың әлеуметтенуіндегі басты бағыттардың бірі. Жасөспірімдердің өзіне тұйықталуы көбінесе өзіне сеніңкіремеу және өзін-өзі төмен бағалау нәтижесінде пайда болатындығын ескере отырып, оларда өзіндік деген сенімділік сезімін тәрбиелеу қажет. Ал бұл үшін тәрбиелік тұрмыста олардың тұлғалық жағымды қасиеттеріне негізделіп, оларға нанып, жоғары қамқорлық көрсету.

Еңбек және қарым-қатынаста, әртүрлі шығармашылық қызметте, тұлғаның өнегелік бастамалары тәрбиеленіп, оның қоғам үшін пайдалы мақсаттары мен идеалдарын, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қалыптастырады.

Мінез реконструкция әдісі тәртіптегі ауытқуларды алдын алуға көмектеседі. Бұл әдістің мағынасы тұлғаның өнегелік қасиеттіне сүйеніп жасөспірім санасын өзгерту, қайта тәрбиелеу. Бұл жерде жасөспірімдердің, балалардың тәртібіндегі девиация және әртүрлі психикалық ауытқулар бар екендігін есте сақтау керек,  интеллектуалды дамудың кешігуі  байқалады.  Көрсетілген әдіс индивидуалды бағдарламаны   танымдық   секілді   және   қоғамдық   пайдалы   қызмет   ретінде құрастыруды ұйғарады.

Қиын баланың әлеуметтік-педагогикалық кешігуі немен байқалады? Әлеуметтік-педагогикалық қиын балаға өзін-өзі тануға, айналасындағылармен қарым-қатынасты анықтауға, қажет білімді, профессионалдық және азаматтық қасиеттерді игеруге, мұғалімдермен, ата-аналармен, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынасты орнатуға, шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға көмектесуі тиіс. Баламен жұмысты жоспарлауда оның шын қойылған мақсатқа сендіріп жасау керек.

Бұл мақсаттарды шешу үшін тұлғаны, оның дағдыларын және қабілеттерін білгенде ғана шешуге болады, ол үшін сауалнама, қызығушылықтарды анкеттілеу, жасөспірімнің өзін бағалауын және қасиеттерін диагностикалауға өткізіледі. Жасөспірімдердің мамандық бағыттылығын әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагог әртүрлі жұмыстарды ұйымдастырады.