Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
А.Солтангазинова, тәрбиеші

ТРИЗ технологиясы

 

     1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек  70 ж пайда болады.   ТРИЗ технологиясын  Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауынығ себебі- балалық кездегі елестету  деңгейінің жоғарлығымен , балалардың ойлауын танымдық бағытынығ дамуымен түсіндіріледі.

    Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген  ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.  

     ТРИЗ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашыл ық тапсырмаларды шешуге  қолайлы.

     ТРИЗ күшті ойлаудың жалпы теориясына  жетудің жолындағы  бір кезең.Күшті талантты ойлау-бұл ең алдымен жүйелі ойлау: жүйенің өзі-осы шақ,  үстілік жүйе- келер шақ, астылық жүйе - өткен шақ.

   Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:

·        Жүйелік жақындау

Компоненттік, құрылымдық, функционалды және генетикалық жақындаудың элементтер негізінде қоршаған ортаның жүйелік көріністерінің бастауларын қалыптастыру. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру, объектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру.

·        Каталог әдісі

Балаларды кез-келген таңдалған сөздің белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.

·            Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;

·  Сиқырлы объектілер әдісі – балаға  таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;

·  Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.

Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады.1-10 дейінгі өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?» «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары кең қолданылады. Балаларға математикалық бойжазарлар, соның ішінде цифрлар туралы да қызықты болады. Мысалы: Мұрны таяқ. Қандай сан?(1)  Қай цифры жүйрік? ( 3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін, пішінін, өлшемін ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор: «фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «Не өзгергенін анықта?» «Цифрлық кесие» «Фигураларды аяқта» «Арық затты тап» «Нүктелер жаттығуы»