«Ормандағы мереке»
Ж/ші:
Қалың орман ішінде әртүрлі аңдар өмір сүріпті.Олардың үлкені де- кіщісі де, қорқағы да- батылы да, мықтысы да-әлсісіз де болыпты. Орман іші тамаша, тек қана көбелектер гүлден-гүлге қонып, ұшып билейді.
Би: «Көбелектер»
Ж/ші:
Кенет, Сауысқан ұшып келіп, сақылдай жөнелді.
Сау/н:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Бұл жаңалық сіздерге қызықты болар!
Бүгін бізде үлкен мереке!
Көжек:
Ол қандай мереке?
С/н:
Үлкен де, көңілді, өзі сондай сәулетті.
Т/і:
Неге ол соншама сәулеті мереке?
С/н:
Өйткені жаз келіп жетті !
Қонжық:
Ал мереке қайда болады?
С/н:
Ескі емен түбінде,
Келіңіздер бәріңде.
Жастырыңда, кәріңде!
Сонымен тездетіңдер, асығыңдар.
Мен кеттім,
Жалынды сәлем, Мырзалар!(ұшып кетеді)
Ж/ші:
Әрине , барлығы мерекеге қуанды,
Тек қана олар өте асықты.
Ал біздер сендермен көрелік-білерік,
Біздің аңдар қалай ғана жиналғанын
С/н:
Қызғылт-сары құйрықпен,
Қандай аң ол, кім білген.
Бұтақтардың астында,
Тығылып ол жүрген.(Велосипедпен түлкі кіреді)
Т/і:
Анам мені мерекеге жіберді,
Қалтама тәтті тоқаш сал деді.
Қалай ғана алаңға тез жетейін,
Иә, білдім, велосипедпен кетейін.(Кетеді, қонжық шығып, шалбарын үтіктейді)
Қонжық:
Анам шалбар тігеді,
Балағы өте енді.
Екі сызық саламын,
Мерекеге барамын.
Бір балақ, екі балақ,
Енді болды, екі жолақ.
Көлігіме отырып,
Мерекеге мен бармақ.(Кетеді, жолда ағаш түбінде көжекті көреді)
Са/н:
Кішкентай қайың түбінде,
Көжек жасырынды бірде.
Неге қорықтың сен көжек,
Ортаға шық берірек.
Көжек:
Жоқ!
Мен ешкімнен қорықпаймын,
Кеше әкем әперген,
Самокатта зырлаймын.
Ешкімдерің көмеген.(кетеді)
Лақ:(кіріп, айнаның алдына барып)
Тұяғымды, жүнді де,
Тазартып мен алайын,
Болдым міне, ал енді,
Мерекеге бараыйн.
Кешігуге болмайды,
Жүгірейін тездетіп,
Жан-жағыма қарайын,
Қонақтарды санайын.
(Батпақтан бақа шығады, қолын қағып, жолға шығып, қол көтереді)
Бақа:
Қап, әттеген қалдым мен,
Сәулетті мерекеден.
Қанша көлік көп еді,
Зулап-зулап өтеді.(Осы кезде жанынан түлкі өтіп барады)
Түлкіжан-ау тоқташы,
Мерекеге апаршы.
Т/і:
Бақажан,
Әрине ала кетер едім,
Тек менде орын жоғын сен неге көрмедің,
Ал багажға отыру қауіпті,
Абайсызда біреу одан құлапты.
(Түлкі кетеді, бақа жолда секіріп, өзінің әніне салады)
Бақа:
Ешкімде жолда алмады мені,
Мерекеге жаяу барамын енді.
Сол жаққа, оң жаққа,
Былай-былай жан-жаққа.
(Осы кезде көжек кіреді, бақаны басып кетпеуі үшін кілт бұрылып құлайды)
Көжек:
Бақажан сенің,
Қате секігенің.
Көрмейсің бе енді,
Тиді міне кесірің.
Өзің дін амансың
Әрине көңілдісің,
Ал мен құлап,
Самокатты сындырдым.(Алыстағы жол-реттуішті көрсетіп)
Реттеуіш тұр алда,
Әне, бізге келеді,
Ал енді сен байқа!
(Мысық кіреді, милиция киімінде, оны көріп бақа қашып кетеді, өзінің әнін айтып)
Ән:Мысық
Күндізде де, түнде де,
Күзетте мен тұрамы.
Қысыңда да, жазда да,
Жолдарыңда боламын.
Ал ағайын айтайын,
Орман ішін қарайын,
Ережені бұзсаңдар,
Соңдарыңнан қалмаймын.
(Мысық көжекті көріп)
Мысық:
Қоян-ау, Қоян өзіңе не болды?
Неқылған шу, не айғай,
Бұл жерде болды, не жағдай?
Көжек:
Мерекеге асығып,
Келе жатыр едім мен.
Кенет бақа алдымнан,
Шыға келді секіріп,
Бірде оңға, бірде солға,
Секең-секең етеді.
Жылдам басып тежеуішке,
Құладым мен жерге.
Денемді де ауырттым,
Самокатты да құртым.
Айтыңдаршы балалар,
Мерекеге –сәулелі
Енді қалай мен жеттім?
М/қ:
Иә!
Бақаны онда табайын,
Тентектігі үшін жазалайын.(көжекке)
Ал Сағанда көмектесіп,
Самокаттыңды жөндейін.(Жөндейді)
Міне, енді бәрі дайын,
Жолың болсын әрдайым.(Қоян қуанады да кеттеді. Ағаш түбінде тышқан отырып өзінің әнін айтады)
Ән: Тышқын
Мен кішкентай тышқанмын,
Кіп-кішкентай батырмын.
Жолда жаяу жүрсемде,
Мерекеге барамын.(Осы кезде қонжық автомабилімен келеі, тышқан оның артына жабысады. Олардың арттарынан көжек келеді. Қиылыста жолды реттеп мысық тұрады)
М/қ:
Қызыл көзін ашқанда,
Ешуақытта баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл шамы жанғанда,
Көше бойын адымда.
Сыйластық пен өор құрмет,
Ережені білгенге.
(Жолда лақ көрінеді, жол-реттеуішке қарамай, көшеден өтіп барады. Түлкінің велосипедінің астына түсе жаздайды.Мысық ысқырып екеуін тоқтатады)
М/қ:
Иә!
Кәне, түлкі сен жүре бр!
Ал сен лақ, маған жауап бер.
Қызыл шамның білмейсің бе?
Не үшін керектігін?
Бұл өте қауіпті екенін,
Әлде сен, лағым білмедің?
Лақ(Жан-жағына қарап)
Мен ешқандай бағдаршамды көріп тұған жоқпын.
М/қ:
Ортада мен тұрамын,
Жол қимылын реттеп.
Егер тұрсам мен қарсы,
Алдымен не артыммен,
Онда қозғалмай тұр қаттып,
Ал жаныма бұрылсам,
Жүре бергін жалма-жан.
Лақ:
Ал сонда «дайындал» деген сары шамды қалай көрсетесің?
М-қ:
Таяқты жоғары көтерсем,
«Дайындал – бала» дегенім.
Лақ: Жақсы, енді мен ұқтым.
М-қ:
Онда, бар бөгелме.(Табиғаттқа қарап)
Бүгін күн қандай тамаша!
(Жолда аю автамабилімен шығады, артында тышқан жабысқан, Олардың артында қоян-самокатпен. Аю тежеуішке басады, тышқан құлайды, қоян оның құйрығын басып кетеді)
М: (Ысқырып)
Не болды?
Тышқан:(жылап)
Ой-ой-ой! Құйрығым-ай!
Мысық: (Қонжыққа)
Сіз енге айнаңызға қарамайсыз,
Өте зейінді болу керек жолда.
Тышқаның бәлеге ұшырай жаздады.
(Тышқанға)
Түй,
Аңқау тышқан-ай,өзің не істедің,
«Машинаға жабыспа» деп саған айтпа па едім?
Жә, болды енді, жылама.
Анау шетте «Айболит-атаның үйі бар,
Сен жыламай, ақырын сонда бар.
(Тышқан жылып, а/б барады)
Т: ПИ-пи-пи, көмектесіңдерші.
Айболит: (үйінен шығып)
Кім мында жылап отырған,
Ой, кішкентай, өзіңн не болған?
Т:Қ
Құйрығым түсіп қалды,
Жаныма қатты батты.
Д/А:
Қалай сонда өзі түсіп қалды ма?
Бұл ақылға сыйа ма?
Қой жарайды жылама,
Көрейік бұны шешуге бола ма?(Құйрығын ұстайды)
Т: Ой-ой-ой!
Д/А:
Болды, болды,
Біраз шыда,
Міне, болды,
Енді жатта, ұйықта.
Т: Ал мерекеше?
Д/А: (Қатаң)
Сен ондай арманыңды қой,
Ауырдың ба, жата демала ғой.
Т: Кешірші Айболит, Мен сізді алдадым,
Құйрығымды мен жай ғана жоғалтпадым.
Мерекеге асығып, жолда келе жатып,
Машинаның атына жабыстым мықтап.
Бір кезде жаман ұштым-құладым,
міне сосын сізге келіп жыладым.
Д/А:
Шыныңды айтпағаның,
Әрине дұрыс емес,
Жолың болды, өзіңді машина басып кетпеген.
Міне дәрі, ішіп көр, мүмкін жылдам көмектесер.
(Кірпі шығады)
Ән:Кірпі
Мен үлгілі жолаушымен,
Әр қилысты білемін,
Ережемен жүремін-2
Мен ақылды кірпімен-2.
М-қ: (Балалfрға)
Міне кімнен үлгі алуға болады,
Жол ережесін кірпі ешқашан бұзбады.(Аюға)
Білесің бе қонжық, кірпіні ала кет,
Көңілденіп бірге мерекеге жет.
(Қонжық кірпіні отырғызып, екеуі кетеді)
С-н:
Келіңдер, келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Қонақтар жиналды,
Мереке де басталды.
Би: «Полька»
М-қ:
Өздерің көргенге мен қуаныштымын,
Әдемі-сұлусыңдар бүгін бәрің.
Тек қана тышқанға обал болды,
Жатқан шығар ауырып жаным.
(Айболит тышқанды арбаға отырғызып кіреді)
Д/А:
Міне бізде келдік,
Мерекеге жеттік.
М-қ: (Қуанып)
Қандай керемет,
Бәріміз жиналдық.
Ешқашанда ешқайда,
Болмасын жамандық.
Барлық қатысушылар көрермендерге иіледі.
