Білім саласы:Қатынас.
Сабақтың бөлімі:Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы:Ормандағы жәндіктерге саяхат
Сабақтың мақсаты:Сөздік ойындар арқылы балалардын тілдерін
дамыту.
Сабақтын міндеті:
· Байланыстыра сөйлеуге,сөзден сөйлем құрауға үйрету.
· Тірек сызбалар арқылы тілдерін дамыту.есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
· Қамқорлыққа,тәртіпке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат
Көрнекі құралдар:Табиғат бейнесі , ағаш суреті, тірек сызбалар, д/о, қайық,көл.
Мотевациялық кезен: Балалар келген қонақтармен амандасады.Шаттық шеңберге тұрады.
-Балалар бізде қазір қандай мезгіл?
- Көктем.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Құстар ұшып келеді,күн жылынады,жәндіктер тіріледі.
- Балалар сендер көктем туралы тақпақ білесіндерме?
Тақпақ: Қар еріп,су көбейіп,сай салаға ағады
Бүршік жарып,шашақтарын тағады
Малдар төлдеп,жайлау малға толады.
-Балалар бүгін біз табиғатты тамашалауға барамыз.Белгі бойынша 2 топқа болінеміз. Алысқа бару үшін біз немен бараламыз?
- көлікпен,ұшақпен пойызбен.
Өнер орталығы:
1-ші топ кімде бұлттын суреті бар олар Гүлсім апайдың поызына отырып өнер орталығына барып табиғаттың бейнесін бейнелап бояйсындар.
-Қағазды умаждап бұлтпен өзенді бояу.
-Қылқаламмен күнді бояйды.
-Қолдарына қарындашты алап алақан арасында уқалап қолдарына массаж жасайды.
-қылқалламмен ағаштын жапырағы мен дінгегін бояйды.
2-ші топ кімде ағаштын суреті әуе шарына отырып орманға саяхатқа барамыз.
-балалар біз қайда келдік?
-Орманға.
-Қарандаршы не көріп тірсындар? Көріністі айтып берулері.
-Балалар мына жерде тұрған не?
-Құмырсқа.
Құмырсқа қандай?
-Қоңыр,кішкентай,4 аяғы бар,мұрты бар.
-Құмырсқа иісті несімен сезеді? Мұртымен.
-Балалар сендер құмырсқа туралы тақпақ білесіндерме?
Енбек сүйгіш құмырсқа
Ерте шықты жұмысқа
Жазда астық жинайды
Толтырады ас үйді
Қыста тыныш жатады
Рахатқа батады.
-Қарандаршы балалар мына жердегі не? Көбелек.
Балалар көбелек ұшалмай тұр екен,көбелектің ұшуына біз көмектесейікші?
-Балалар көбелек ұшу үшін бізде мына жерде тапсырмалар бар екен осы тапсырмаларды орындасақ мүмкін көбелегіміз ұшатын шығар.
Д/О 1) Ағаштың құрылымын ата?
Ағаштың жапырағы, ағаштың бұтағы, ағаштың тамыры.
Ағаштың жапырағы жасыл, ағаштың бұтағы қоңыр, ағаштың тамыры қоңыр.
2)Суретке қарап қайтала.
Ар-ар-ар
Ұшып жүр аралар.
3)Бір сөзбен ата!
Көбелек,ара,құмырсқа,инелік. Жәндіктер.
Балалар мына судын жанына отырайықшы. Судын түсі қандай? Түссіз. Судың дәмі барма?Дәмсіз. Ал оны өзгертуге болама?Қантпен,тұзбен.Дұрыс балалар.Балалар мына тұрған қайықтарды суға жіберіп су туралы тақпақ айтайықшы
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолды жу
Жусан сен әрдайым
Аппақ бетін мандайын
Тазалықтын досы
Су дегенін осы
Балалар сендер бәрін біледекенсіндер енді мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін сендер шешіндер.
Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді (Су)
Жақсы балалар сендер барін біледекенсіндер енді балалар шарымызға отырып достарымызға барып көргенімізді айтып берейік.Балалар салған суреттерін көрсетіп бірге бой сергіту жаттығуларын жасау.
Сергіту: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Екі топты орындарымен ауыстыру.
Рефлексия:Сұрақ жауап арқылы сабақты қорыту.
