Сенім телефоны
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мыржинова Амина, тәрбиеші

Балабақшада ұлттықойындарды пайдалану

 

 

 

 

БАЛАБАҚШАЛАРДА ҰЛТТЫҚОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

 Ж О С П А Р Ы

 

 І. Кіріспе

 Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ойын.

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

1. Ойын – балалардыңойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.

 

2. Ұлттықмұраныңбай қазынасы – халықтықұлттықойындар.

 

ІІІ. Қорытынды.

 

 Ойын – баланыңбілім-білік дағдысын қалыптастыратын

 тәрбие құралы.

Балабақша балалары болашақиесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзініңтөл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздыңғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынныңәр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастықсезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердіңеңбегіне қызығу мен сыйластықсияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.  

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірініңнәрі, яғни оныңрухани жетілуі мен табиғи өсуініңқажетті алғы шарты және халықтыңсалтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардыңкөру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалықшақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалықшақболмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесініңдамуы мен ой-дүниесініңөркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 

Қазақ халқыныңжылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттықдәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланыңдене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланыңбойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардыңнегізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтыңқанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланыңбір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анықбайқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдықіс-әрекетке біріктіреді және шығармашылықіс-әрекетке бағдарлайды, балалардыңөзара қарым-қатынасын реттеп, олардыңбойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердіңкиімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынныңерекшелігі: оны балалардыңөздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздықжәне шығармашылықсипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақта болуы мүмкін.

Құрылыс ойынында бала сызықбойына әдемі үй құрылысын жасап, оныңбояуларыныңбір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылықтанытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзініңжәне жолдастарыныңтұрғызған құрылыстарыныңсапасына баға береді. Дидактикалықойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалықойыншықтар мен әр түрлі саздықаспаптардыңдыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалықойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменіңмазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштықпен тапқырлықкөрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардыңептілігі, қимылдыңәдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастықкөмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдықмәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынныңқай түрі болсын балалардыңадамгершілік тәрбиесініңдамуында маңызды рөл атқарады.  

Баланыңөмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оныңмәні ерекше. Қазақхалқыныңұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланыңөмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланыңөмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялықерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойыныныңпсихологиялықмәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетініңерекше бір түрі – ойынныңпайда болуын зерттеушілердіңбіразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтыңкөрінісі, оныңбейнелі сәулесі қылаңбереді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдіңәртүрлі құбылыстары мен үлкендердіңтүрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынныңшартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалықтәрбие берудіңмаңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлықәрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалықтүйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалықшақтыңтүйсігі мен әсері адамныңкөңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақарманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертеңсол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындықақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланыңжеке басыныңдамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстыңбірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзініңкүш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашаққайраткердіңтәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектіңбір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардыңарасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың  ұқсастығы байқалады. Баланыңойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардыңнегізгі айырмашылығы тек мынада: баланыңойыны нақты материалдықрухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті  өндірудіңнегізгі жолы екені айқын.

Баланыңқуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланыңпсихологиялықерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялықәсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұныңбәрі баланыңшығарымпаздыққабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдіңөзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақбала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың«ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.    

 

Осыдан келіп ойын туралы мынандай  т ұж ы р ы м   ж а с а л а д ы :

 

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  т әр б и е л е й д і.

ә) е р і  к   ж ән е  м і н е з  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.

б) ұж ы м д ы қ   с е з і м  әрекеттері өсе түседі.

в) э с т е т и к а л ы қ   т әр б и е    б е р у -  өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) е ңб е к    т әр б и е с і н   б е р у  мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді. 

д)  д е н е   к үш і н і ң   ж е т і л у і н е   к өм е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудіңпсихологиялықжәне физиологиялықнегіздері болып табылады.

 

Халықжасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақөз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардыңбірі – ұлт ойындары халықтыңсәби шағымен бүгінгі өскелеңдәуірініңкуәсі ретінде, адам баласыныңфантазиялықой-жүйесініңзаңды жалғасы ретінде оны үйретудіңтәжірибеде пайдаланудыңүлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай халықтыңасыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаңболмас үшін заманымыздыңзаңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздыңбірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтіңмына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздіңзаманымыздыңөмір кешкен ұзақжолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген меніңтүсінуімше, көңіл көтеру, жұрттыңкөзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынныңөзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлт ойындарында ұрпаққамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегеніңжелісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Ұлттық мұраныңбай қазынасыныңбірі – халықтыңұлттықойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындықсала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерініңрухани өресі кеңөсіп – жетілуіне, эстетикалықмәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардыңбірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толықмәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттіңақыл-ойы, парасаты ұлттықсалт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақбалаларыныңойындары» деген еңбегінде адамныңжас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осыныңнегізінде қазақтыңұлттықойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақсерек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны («Ақсандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердіңішінде ойналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,                          

Маған жақын келіңдер,

Тиіп кетсем сөзім жоқ,                         

Бір қыз ұстап беріңдер!..

Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,                       

Тотияйын салайын,

Оңкөзіңе топырақ,                               

Ал, ұстап көр, батырым,

Топырағын алайын,                              

Міне, келе жатырмын!

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардыңбірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оныңорнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудыңзаманымызға сай ұрпақтәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттықойындардыңадамға тигізетін пайдасын халықертеден-ақбілген. Алғашқы қауымдыққұрылыс, ертедегі тайпалардыңодаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарыныңедәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардыңкөзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.

Халықарасында «Денсаулық– зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халықданалығы тіршіліктіңнегізгі көзі осы денсаулықекенін тағы ескертеді. Адамныңденсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмніңдұрыс та сергек өсуініңкөзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанныңболашақазаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.

Қазақ халқыныңсонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесініңнегізгі мақсаты, сондықтан да «халықтыңбар байлығы малда болды». Қазақхалқыныңтіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақхалқыныңэтнографиялықдаму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.

Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтыңтіршілігініңтірегі, көзі малға деген көзқарасыныңерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халықауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесініңөкілі деп ұқпай, адамныңөмір сүруініңнегізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.

Осындай экономикалыққұрылыстыңнегізінде төрт түліктіңқасиеті тек қазақауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлықмәдениет пен өнердің, соныңішінде ұлт ойындарыныңдамуыныңда негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.

 Бұл ойындардыңбарлығы дерлік қазақ халқыныңтөрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардыңбойында адам баласыныңқасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардыңбәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардыңкөпшілігінде дерлік төрт түліктіңқай-қайсысы болмасын, аналықтарыныңөз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай «Ақбайпақ» ойынында, жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп, жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардыңкімнен жақсылық, кімнен жамандықкөрдіңдеп, содан ботаныңайтуы бойынша інгенніңбұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.

Қазақ халқыныңмалды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтыңсаяси әлеуметтік және экономикалықжағдайыныңдаму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамныңқай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждықкөрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақхалқыныңауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарыныңнегізгі кейіпкері.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарыныңбарлығы халықтәрбиесініңкөзі. Қай дәуірдіңұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халықжырлары ата-ананыңбалаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұныңбәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азықболатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланыңосы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудыңқұралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяққолданылады, осы негізде оныңбойында адамдыққасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдіңрухани азығы – үлкенніңбарлыққасиетін, яғни баланыңжан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалықтәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

Ұлттық ойынныңбірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақболады.

Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынныңойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушініңәр айтқан сөзіне өте сақболу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардыңатын айтып та, ұшатын жәндіктердіңатын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауықұшты, уықұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді.

Алданған ойыншылардыңжазасы өлеңайтып би билеп, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақайтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардыңарасындағы бірін-бірі аңдаушылықта күшейе түседі.  

Бала ойындарыныңмазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ананыңойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халықауыз әдебиетініңжанрларын – ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, санамақтарды айтып үйреткен. 

Мысалы, «Тоғызқұмалақ» ойыны:

Қызықтырған есепшіні, ойлыны,

Бабалардыңбұл ежелгі ойыны.

Екі адамға теңбөлінген мал жайы,

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

 

Онда бар он сегіз ұя – кіші отау,

Екі қазан – үлкен келген іші отау.

Бір жүз алпыс екі – барлыққұмалақ

Сексен бірден екі ойыншы тұр қамап.

 

Әрқайсының сегіз ұя – ойы бар,

Әр ұяныңдәл тоғыздан қойы бар.

Екі ойыншы – екі қойшы кезекпен

Түсіреді ұяға қой есеппен.

 

Бір-бірініңұясына айдайды

Қой – құмалақсанын жіті аңдайды.

Ұяда қай жұп болса қой – құмалақ

Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.

 

Солай талай қой қазанға түседі

Есепке оны екі қойшы тізеді.

Кімде-кімніңқазаны тез толады,

Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

 

...Қызықтырған бүгіндерде ойлыны

Міне, осындай бабалардыңойыны.

 

Халықмұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол - баланыңеңбегі»,- дейді, демек бұл жай ермек емес, бала әлеміндегі кәдімгі еңбек. «Сондықтан да бала еңбегі – ойын. Ендеше, ойын балалардыңкүнделікті тіршілігі адамныңбасынан өтетін өмірініңәр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктіңтүрі бар. Сол сияқты балалардыңда өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас уақытындағы ойын». Сондықтан да қазақбалаларыныңнегізгі ойындары асық, құмалақ(түйенің, қойдың), бес тас, доп міне мұныңбәрі осы балалар еңбегініңқұралдары болады. Өмір мен өнерге деген талаптыңтүп негізініңөзі осы асық, доп, құмалақ, ләңгі, қуыршақ, мәшине, үй болып т.б. ойнауларда жатыр. Ендеше халықтыңбұл дана сөзін тура мағынасында түсінуге болмайды.

Ойын баланыңкөңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оныңөмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оныңүстінде дене қимылы арқылы өзініңденсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқыныңқалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асықойындары. Қазақтыңкөне жыр- дастандарында ұлттықойындар балаларды тәѴе-кімніңқазаны тез толады,

Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

 

...Қызықтырған бүгіндерде ойлыны

Міне, осындай бабалардыңойыны.

 

Халықмұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол - баланыңеңбегі»,- дейді, демек бұл жай ермек емес, бала әлеміндегі кәдімгі еңбек. «Сондықтан да бала еңбегі – ойын. Ендеше, ойын балалардыңкүнделікті тіршілігі адамныңбасынан өтетін өмірініңәр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктіңтүрі бар. Сол сияқты балалардыңда өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас уақытындағы ойын». Сондықтан да қазақбалаларыныңнегізгі ойындары асық, құмалақ(түйенің, қойдың), бес тас, доп міне мұныңбәрі осы балалар еңбегініңқұралдары болады. Өмір мен өнерге деген талаптыңтүп негізініңөзі осы асық, доп, құмалақ, ләңгі, қуыршақ, мәшине, үй болып т.б. ойнауларда жатыр. Ендеше халықтыңбұл дана сөзін тура мағынасында түсінуге болмайды.

Ойын баланыңкөңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оныңөмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оныңүстінде дене қимылы арқылы өзініңденсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқыныңқалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асықойындары. Қазақтыңкөне жыр- дастандарында ұлттықойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостықжырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылықсүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердіңеңалдымен ұлттықойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерініңмергендік, палуандық, шабандоздықшеберліктерін көрсеткендері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттыңқұлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақсүйек», «Тоғызқұмалық», «Жұмбақайтыс», «Асықойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұныңөзі біздіңата-бабаларымыздыңұлттықойындарыныңғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардыңжиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны   байқағыштыққа, қырағылыққа, бытѵн ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланыңпсихологиясын аңғаруға болады. Бес саусақбірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардыңмінез-құлқы бірдей емес.

Балалар ойынында кейде  өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардыңнегізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынныңаяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақайту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынныңда түпкі нысанасы - балалардыңбойында өнердің, білімнің, тәрбиеніңнұрын себу, өлең, тақпақайтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

Жалпы ойынныңқандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халықойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялықжағынан денсаулықсақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынныңөзі бала үшін біліктің, тәлімніңқайнар көзі болып табылады. Балаларға  ұлттықойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып  өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН    ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар

 Алма-Ата  «Жалын» 1987 г.

2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.

3. «Қазақтыңұлттықойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев

 Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.

4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.

 Алматы «Балауса» 1992 ж.

 

1. 9. Дидактикалықойындар

 Көгалда әдемі гүлдер гүл ашты

Мақсаты: Түстер мен реңдерді қабылдауын дамыту, түс бойынша таңдап алу іскерлігін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар:  Жылы суықтүсті геометриялықпішіндер.

Ойын мазмұны: Балалар педагог нұсқауы бойынша жылы түстер мен суықтүстерден гүлдер бейнесін береді.

 Жылы – суық

Мақсаты: Балалардыңжылы және суықтүстер жайлы түсініктерін бекіту.

Көрнекі құралдар: Екі үлкен (20/20) қағаз беті, біреуініңортасында қызыл түсті (жылы), екіншісініңортасында көк түсті (суық) (динаметрі 2-3 см) дөңгелектер бейнеленген. Балаларға сол түстес заттарды салып, қию (2 дана) ұсынылады: біреулерін үлкен қағазға шеңберден бірдей қашақтыққа жапсыру, екіншісініңбөлек карточкаға (үлестірмелі қағаз) жапсыру.

Ойын мазмұны:      Балалар шағын топқа бірігеді. Әр топқа үлкен қағаз беті беріледі. Жүргізуші бір-бірлеп карточка көрсетеді, ал балалар өздерініңқағаздарындағы суреттер мен дөңгелектердіңтүстерін сәйкестерін алады. Тапсырманы жылдам орындаған топ жеңеді.

                               Өрнектерді құрастыр

Мақсаты: Балалардыңгеометриялықпішіндер мен түстер жайлы білімдерін бекіту, түсті таңдай білуге үйрету (жақын, сәйкес).

Көрнекі құралдар: Түрлі түсті геометриялықпішіндер.

Ойын мазмұны:      Қағаз бетінеде геометриялықпішіндерден өрнек құрастыру.

 Баланыңойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін дамытуға арналған жаттығулар