Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қазыбаева Алма,тәрбиеші

Мектеп жасына дейінгі баланың  экологиялықтәрбие  

арқылы тілін дамыту.


Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайтып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір  бала - қоршаған ортаның кішкентай зерттеушісі. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серунарқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару.  Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.  Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
 Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
• Бақылауды өткізу орны және уақыты.
• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен қарым- қатынас кезінде танып біледі.

Мысалы: «Жәндіктерді бакылау».  Максаты: балаларды жәндіктермен таныстыру, сөздіқ қорларын молайту, тіл мәдениетін  жетілдіру. 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап мысалы: үлкен шыны қүмыраға салып  кобелекті олардың құрылысын айтқызу д/ойын арқылы, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді, сондыктан балалармен жаңылтпаш айтқызу болады. «Ақ кобелек, көқ кобелек, коп кобелек».  Көркем сөздерді колдана отырып, сөздік жұмысын бекіту.  «Жәндіктер ұшады, гүлге қонып құшады». Ал ортанғы, ересек топтарда мақал- мәтелдер «Табиғат -тіршілік бесігі»,  тиімді сөздер, тақпактар колдана  отырып жәндіктердін пайдасы, тіршілігі туралы туралы түсініктерін қалыптастыру, қызушылыктарын арттыру. Ересек , даярлық топтарда экологиялық пирамиданы мысалға ала отырып, барлық жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің пайдалы, бір-бірімен байланысты өмір сүретініне қөздерін жеткізу.
Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана – сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары -
(зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау)- қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай,  жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.

Баланың көп уақытын ойынмен өткізуінде емес, ойын кезінде баланың тілінің дамуы, психикалық өзгерістерінің болуында.Алайда баланың 3-4 жасында жаңаша өзгеруге, түрленуге деген қабілеті байқалады. Ал,4-5 жастағы бала өз ойынан шығаруға, яғни түрлі жағдайларға байланысты бейімдеп отыруға үйренеді.
  Қорыта айтқанда
«Сөз- ойдың айнасы» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп. Баланың тілінің дамуы барысында қоршаған ортаның, ойынның әсерінің қаншалықты маңызды екендігін байқадық. Қоршаған ортаны бақылау барысында да, ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым-қатынастары да жақсы дами түседі. Топпен біріге жұмыс жасау қабілеттері арта түседі.
Келешекте алдыға қойған мақсатым:
Баланың тілін дамыту сөздік қорын молайту, ойын арқылы ынталандыру нәтижесінде қоршаған ортамен тығыз байланыстыра отырып табиғат танымын арттыру.
Балалардың тілдерін дамытуда көптеген өлең тақпақтар жаттату, ата-анасын құрметтеуге, отансүйгіштікке баулый отырып, тілдерін ары қарай дамыту жолында, оқу іс-әрекетіне сай бағдарлама бойынша жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу. Тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, тілі аса дамымаған балалармен болашақта жеке жұмыстар жүргізу.
Балабақша ішінде өткізілген мерекелерде әрбір бала өлең тақпақтарын, анық мәнеріне келтіріп айтуына, әр балаға жеке көңіл аудара отырып тілдерін жетілдіру. Оқу іс-әрекеті барысында «Ойын, еңбекке баулу, бақылау, тілін дамыту»- әрекеттерін терең түсініп қабылдау үшін инновациялық технологияларды қолданду, ары қарай жаңа технологиялар енгізіп, интерактивті оқу әрекеттерін енгізу мақсатым.