Күннің қөзі қонаққа шақырады
( ІІ-сәбилер тобындағы айналамен танысу сабағы.)
Максаты:көктем, кыс мезгілдері туралы білімдерін бекіту.
Міндеті: көктемде табиғаттың біртіндеп оянатынын айту,
балалардың сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, тілдерін дамытып ой-әрісін кеңейту,
табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сөздіқ жұмыс: Көктем, күннің көзі, күн шуағы, жарқырай берсін
Құрал-жабдықтар:шар, хат, «Көктем» суреті, сандық, шәйнек, ыдыс аяқ, сары дөңгелек пішіндер, түрлі-түсті қысқыштар,катты қағаз, сары-қызыл ермексаз , тары, қарындаштар, су, сүлгі
Мотивациалық кезең:
Балалар, караңдаршы, бізге көп қонақтар келіп қалыпты, қане бәріміз қонақтармен амандасайық. «Сәлеметсіздер!»
Балалар, мынау не ұшып келген? Бізге хат жіберіпті. Оқып берейін «Аспандағы сары доп, жарқырайды жарық боп, ол не? (Балалар жұмбақтың жауабын табады). Ұқтым, « күннің көзі конаққа шақырады бізді». (Балалардың жауабы)
Балалар біз 1-2 топқа бөлінейік. Онда кімде сары көбелек –- өнер орталығына барып күннің көзінің достарын жасайды, ал кімде қызыл көбелек- театр орталығына, айналамен танысуға барамыз.
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Сенсорлық орталығы |
Өнер орталығы
|
|
Д/о «Көліктер», балалар қима қағаздан құрастырады. Немен қонаққа баруға болады? (Атайды) Бір сөзбен қалай айтамыз? (Көліктер) Д/О «Жұмбақ» «Күн ұзарып , қар еріп, Су сайларға толады Бұл қай кезде болады?» (көктемде) Күннің көзі сурет тастап кетіпті, бірақ сүретші бәрін шатастырған, балалар көмектесіңдерші Д/о «Шатаспақ» Балалар суретте не дұрыс екенін айтыңдаршы? (балалар карточкалар арқылы сюжеттік суреттерді алып тастайды: аққала, шанғы, коньки, қыз шанамен сырғанайды, қар ұлпалары, Аяз ата, Қарша қыз, тон...) Д/о «Көктем келді» (сұрақ-жауап) -Қандай мезгіл?Аспанда не жарқырайды? -Ұл бала не істеді? Қыздың қолында не бар? -Қанша құс? Құстар не істейді? - Ағашта не өсті? Жапырақтын түсі қандай? Жерге не шықты? Күннің көзі сандық тастап кетіпті, не бар екен, ашайық. Мынау не? (шәйнек) Ол не үшін керек? Д/о «Затты ата»(ыдыс-аяқ атау) Ұқтым, ол балалар дем алсын деп ойлаған ғой Сергету сәті. «Шәйнек» «Сәлем мен шәйнек! Ұзын, жуан. Міне менің қолым, міне менің мұрным. Шай қайнайды. Мен шай құямын.» Д/О « Мен бастаймын ,сен жалғастыр» -Күннің көзі нені оятты, калай ойлайсындар? (сурет бойынша) -«Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады, алақанын сорады, балды жақсы көреді (аю) -«Ешбір бұйым тікпеген,үсті толған жүз ине, бұл не» (кірпі) «Үстіндегі көйлегі түрлі-түсті не керек, гүлден ұшып, гүлге конады, мұның аты (көбелек) «Гүлдің үстінде ұшады, гүлден балды жинайды». (ара) «Бұл жәндік әдемі қызыл денесі бар, оның үстінде дөңгелектер, қара нүктелер»(қанқызы) Д/о «Кім жылдам» Балалар үй жануарларды-үйдің қасына, аңдарды- орманға топтастырып жинастырады. Біздің күннің көзі әлі де жоқ. - «Күннің көзін қысқыштан жасайық». -«Тарының үстіне саусақтарымен суретін салайық» Ал енді біздің топ жарқырап кетті, күнде төкті нұрын, кәне біз күннің қөзіне бетімізді қойып, колымызды созайық, алақанымызды жылытайық «Алақай, алақай, күннің қөзі шықты!»
|
Д/о «Күннің көзі қандай?»
Мүсіндеу: «Күннің көзін жасаймыз». Дөнгелек пішін жасау, алақан арасына салып шарды домалатып, оны алақандарына қойып көк қатты қағазға жапсырады
Саусақ жаттығуы. Қолға арналған массаж
«Қолымызды жылы суға жуамыз»- қолды жуудағы қимылды келтіру. «Қолымызды жылытамыз»- қолды уқалағанды көрсетеміз. Әр саусақты созу. Қарындашты алақан арасында дөңгелетеміз, алдымен жай сосын тез дөңгелетеміз
Мүсіндеу: «Күннің шуақтары» катты қағаздағы күннің көзіне - күн шуақтарын салу, тақтайшаның үстіне қойып Шуақтарды қолмен түзу қозғалтып еседі . Сары шуақтар-ұзын, қызыл шуақтар- қысқа болады
Қонақтарға тілек айтайық: «Күннің көзі жарқырай берсін» « күннің көзін сыйлау»
|
Топтар орындарымен алмастырылады.
Рефлексия.
Балалар біз қайда бардық?
Күннің көзі нені оятты?
Қандай пішіннен күннің көзін жасадық?
Шеңбер бойымен тұрып: «Мен өзімді мактаймын, себебі...»
Күннің көзі нені оятқанын шештім. Балаларды мадақтау.
Күннің көзінің сыйлығы балаларға таратылады.
