ІІ-ші сәбилер тобына арналған
Қарапайым математикалық түсініктіқалыптастыру
бойынша ұйымдастырылған оқу-әрекетті
Көктем құстары
Максаты:Баланың танымдылық қабілеттерін жетілдіру және
ұсақ қол моторикаларын жаттықтыру
Міндеттері: Заттарды санау (көп, аз, біреу – 1,2,3), көлем, түстері бойынша ажырату - жалпақ- жіңішке, ұзын-қысқа, салыстыра білуге үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, эстетикалық қабылдауларын жетілдіру
Сөздік жұмыс: Бәйшешек, жалпақ-жіңішке, ұзын-қысқа
Құрал-жабдықтар:Құстар-3, ағаш, фонограмма-құстардың дауысы, балалар саны бойынша үйлер мен есіктері-жалпақ-жіңішке, түрлі-түсті қолғаптар, Дьенеш блоктарының карточкалары, қатты кағаз, желім, қылқалам, сүлгі, ақ пен жасыл түсті майда жарма, массаж-карандаш
Мотивациалық кезең:
Құстардың дауыстары (фонограмма) Балалар назарын әуенге аударып:
-Тыңдаңдаршы қандай әдемі әуен. Ненің дауысы ? (Балалардың жауабы)
(Шымылдықты ашу)
-Қараңдар, ағашта құстар отыр. Әуен салып отырған осы құстар ғой.
Балалар біреуінің тұмсығында не бар?
Бірдеңе ұстап әкеліпті. Мынау не? (Балалардың жауабы)
-Дұрыс бұл гүл, көктемнің алғашқы гүлі- бәйшешек.
Құс:
«Кар- р – кар- р,
Алақай, алақай
Көктем келді балақай».
- Түсіндім, көктемде аналар мен әжелердің мерекесі ғой
- Балалар бұл құстар да өз енелерін құттықтамақшы.
- Олардың қайда баратындарын білгілерің келе ме?(Балалардың жауабы)
Олай болса барлығымыз екі топқа бөлінейік.
І топ- Жанар апаймен өнер орталағына барып аналырымызға сыйлық жасайды.
ІІ топ- Құстармен бірге серуенге барады.
Енді қолдарыңдағы сағаттарыңды қараңдаршы, кімде бәйшешек бар олар өнер орталығына Жанар апаймен бірге барасындар, ал кімде құс олар серуенге барамыз.
Ұйымдастыру кезең:
|
Манипулятивтік орталығы |
Өнер орталығы |
|
Д/О «Үйдің есігін жап» Үйлердің көлеміне қарай есігін жабу (жалпақ-жінішке). (Балалардың жұмыстарын бір-бірлеріне тексерткізу, талдау)
Д/О «Неше құс ұшып келді?» Ағаштағы құстарды санау(1,2,3).
Д/О «Қолғап жамау». Қолғаптың тесігін пішініне қарай қажет геометриялық пішінді тауып жабу. Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың Жақын келіп қонғайсың, Жем шашайын тойып ал, Сонда суыққа тоңбайсын. Серуендегі құстардың тапсырмалары: Д/О «Қажет пішінді тап» Дьенеш блогы бойынша өздеріне қажет геометриялық пішінді табу, атау.Мысалы: Үлкен сары дөңгелек немесе кішкентай қызыл шаршы. Д/О «Қанша-сонша» Жолақшаның үстінде қанша торғай, сонша шыршаны асыта қатарла.
Д/о «Үйге жол салайық »
Үйге жеткізетін ұзын-қысқа жолдарды табу. |
Сурет: « Бәйшешек -гүл » Аналарымызға сыйлық жасаймыз. Үлгіні талдау: -Гүлдің түсі қандай? -Гүлдің сабағының түсі қандай?
«Бәйшешекті безендіру» Гүлге желім жағып, майда жарманы себу. (Көрсетіп түсіндіру)
Балалардың өз бетімен жұмыстары Сергіту сәті: Саусақ жаттығуы«Қолымызды жылы суға жуамыз»- қолды жуу. «Қолымызды жылытамыз»- колды укалау. «Саусақтарымызды өсіреміз»Әр саусақты созу. «Қарындашпен үтіктеу» Қарындашты алақан арасында дөңгелетеу (жай, тез)
«Гүлдің сабағын безендіру»жасыл майда жарма себу. «Мен сыйлайтын бәйшешек» Балалардың жұмыстарын талдау |
Топтар орындарымен алмастырады.
Корытынды.
«Мен өзімді не үшін мақтаймын ?»
Балалар бізге не келді? Бізге ризашылығын білдіріп бәйшешектерді сыйлыққа тастап кетіпті.
Балаларды мадақтау.
