Сенім телефоны
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қазыбаева Алма,тәрбиеші

 

ІІ-ші сәбилер тобына арналған

Қарапайым  математикалық түсініктіқалыптастыру

бойынша ұйымдастырылған оқу-әрекетті

 

                                   Көктем құстары

 

Максаты:Баланың танымдылық қабілеттерін жетілдіру және

                  ұсақ қол моторикаларын жаттықтыру

 Міндеттері: Заттарды санау (көп, аз, біреу – 1,2,3),  көлем,  түстері бойынша ажырату -  жалпақ- жіңішке, ұзын-қысқа, салыстыра  білуге үйрету,  логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту, эстетикалық   қабылдауларын  жетілдіру

 Сөздік жұмыс: Бәйшешек, жалпақ-жіңішке, ұзын-қысқа

 Құрал-жабдықтар:Құстар-3, ағаш, фонограмма-құстардың дауысы,  балалар саны бойынша үйлер мен есіктері-жалпақ-жіңішке, түрлі-түсті қолғаптар, Дьенеш блоктарының карточкалары, қатты кағаз, желім, қылқалам, сүлгі, ақ пен жасыл түсті майда жарма, массаж-карандаш 

 Мотивациалық кезең:

Құстардың дауыстары (фонограмма) Балалар назарын әуенге аударып:

-Тыңдаңдаршы қандай әдемі әуен. Ненің дауысы ? (Балалардың жауабы)

(Шымылдықты ашу)

-Қараңдар, ағашта құстар отыр. Әуен салып отырған осы құстар ғой.

 Балалар біреуінің тұмсығында не бар?

 Бірдеңе ұстап әкеліпті. Мынау не? (Балалардың жауабы)

 -Дұрыс бұл гүл, көктемнің алғашқы гүлі- бәйшешек.

Құс:

  «Кар- р – кар- р,

  Алақай, алақай

  Көктем келді балақай».

  • Түсіндім, көктемде аналар мен әжелердің мерекесі ғой
  • Балалар бұл құстар да  өз енелерін құттықтамақшы.
  • Олардың  қайда баратындарын білгілерің келе ме?(Балалардың жауабы)

 

Олай болса барлығымыз екі  топқа бөлінейік.

І топ- Жанар апаймен өнер орталағына барып аналырымызға сыйлық жасайды.

ІІ топ- Құстармен бірге серуенге барады.

Енді қолдарыңдағы сағаттарыңды қараңдаршы, кімде бәйшешек бар олар өнер орталығына Жанар апаймен бірге барасындар, ал кімде құс олар серуенге  барамыз.

 

Ұйымдастыру кезең:

 

Манипулятивтік  орталығы

Өнер  орталығы

 

 Д/О «Үйдің есігін жап»

 Үйлердің көлеміне қарай есігін жабу (жалпақ-жінішке).

(Балалардың жұмыстарын бір-бірлеріне тексерткізу, талдау)

 

Д/О «Неше құс ұшып келді?»

Ағаштағы құстарды санау(1,2,3).

 

Д/О «Қолғап жамау».

Қолғаптың тесігін пішініне қарай қажет геометриялық пішінді тауып жабу. Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсың

Жақын келіп қонғайсың,

Жем шашайын тойып ал,

Сонда суыққа  тоңбайсын.

Серуендегі құстардың тапсырмалары:

Д/О «Қажет пішінді тап»

Дьенеш блогы бойынша өздеріне қажет геометриялық пішінді табу, атау.Мысалы: Үлкен сары дөңгелек немесе кішкентай қызыл шаршы.

Д/О «Қанша-сонша»

Жолақшаның үстінде қанша торғай, сонша шыршаны асыта қатарла.

 

Д/о «Үйге жол салайық »

 

Үйге жеткізетін ұзын-қысқа жолдарды табу.

 

Сурет:  «  Бәйшешек -гүл »

Аналарымызға сыйлық жасаймыз.

Үлгіні талдау:

-Гүлдің түсі қандай?

-Гүлдің сабағының түсі қандай?

 

«Бәйшешекті безендіру»

Гүлге желім жағып, майда жарманы себу. (Көрсетіп түсіндіру)

 

Балалардың өз бетімен жұмыстары

Сергіту сәті:

Саусақ жаттығуы«Қолымызды жылы суға жуамыз»- қолды жуу.

«Қолымызды жылытамыз»- колды укалау.

«Саусақтарымызды өсіреміз»Әр саусақты созу.

«Қарындашпен үтіктеу» Қарындашты алақан арасында дөңгелетеу (жай, тез)

 

«Гүлдің сабағын безендіру»жасыл майда жарма себу.

«Мен сыйлайтын бәйшешек»

Балалардың жұмыстарын талдау

 

Топтар орындарымен алмастырады.

Корытынды.

«Мен өзімді не үшін мақтаймын ?»

Балалар бізге не келді?   Бізге ризашылығын білдіріп бәйшешектерді сыйлыққа тастап кетіпті.

Балаларды мадақтау.