Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Логопед: Сауфура Ермекқызы Оспантаева

Балалардың тілдерін тірек-сызба арқылы дамыту

 

Балалардың тілдерін  тірек-сызба,тірек-суреттер арқылы  дамыту. Тірек –суреттерге, тірек-сызбаларға сүйене отыра  бала сөйлем құрастыра алады, тақпақты жатқа айтуға үйренеді.Бұл тапсырмаларды орындағанда балалардың тілдері ғана емес, көру, ойлау қабілеттері дамиды,қызығушылықтары да артады.

         «Шылау» тірек-сызбалары. Балалар  тірек-сызбаға қарап заттың қайда жатқаның немесе орналасқаның айтып бере алады, мысалы: қоян шыршаның астында отыр, доп үстелдің астында жатыр.  Балалар астында,үстінде, қасында, жанында, үстінен, астынан деген шылау сөздермен танысады және дұрыс қолдана алады.Барлық тапсырмаларда балалар дыбыстарды буында, сөзде анық айту керек, лексикалық –грамматикалық түсініктері жетіледі.

         Тірек-сурет бойынша балалар тақпақты да жаттай алады.Мысалы, тақпақ: «Алақай-балақай». Мен тақпақты алты бөлікке бөліп, сурет салдым, әр торды  ақ қағазбен жаптым.Әр бөлікке бір тапсырма құрастырдым, балалар тапсырманы орындаған соң тақтаға келіп  қезекті торды қызыға  ашады және сол торға қарап тақпақтың сөздерін айтады.Сабақтың   соңында балалар бар тақпақты жатқа біледі,өйткені әр тақпақтың жолын қайталап отырады.

         Тірек-сызбалар бойынша заттардың түсін, көлемін, қатты-жұмсақ, қайда өсетінің, сипаттай алады.

Мен осындай тірек-сызбалар мен тірек –суреттерді қолданамын: «Көкөніс пен жемістер», «Не қайда өседі?», «Астында,үстінде»,«Қандай дыбыс»,«Көпір»,«Мамандақтар»,«Затты сипатта», тақпақ: «Алақай -балақай».

 

Қолданылған әдебиеттер:

Н.В. Нищева Конспекты для логопедических групп Москва 2009

О.В. Жохова Домашние задания для детей старшей и подготовительной к школе логопедических групп ДОУ Москва 2011

Е.А. Борисова Индивидуальные логопедические занятия с дошкольниками Москва 2011