Сенім телефоны
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Гүлнәр Сүйлеменқызы Ахметова

Айналамен танысу,экология сабақтарында тірек-сызба әдісін  пайдалану

                                                                                       

Қазіргі заманда экологиялық білімді қалыптастыру экологиялық мәдениет – ең басты бағыт бағдар, экологиятық түйінді шешу біздің елде және дүние жүзінде.

     Бұл сұрақтың шешімі үздіксіз мектеп алды білім беру жүйесінде.

     Мектеп алды білім беру мекемесі ол балаларға экологиялық білім берудің бірінші сатысы, қоршаған орта туралы өздерінің алғашқы ұсынысын алады, қоршаған ортамен себеп байланыстарын орнатады.

      Қоршаган ортаның құбылыстары – балалар үшін қиын.

      Көбінде балалардың сезім талдық ойында «құрастыру» қоршаған орта туралы ойын жинақтау болып табылады.

      Экологиялық дәрістегі кесте үлгісі осындай сұрақтарды шешуге көмектеседі.

      Тірек сызба – ол заттық, графикалық және бірдененің іс қимылы, ал тірек-сызба жасау барысы ол үлгі жасау қызметі.

      Бұл әдіс –балалардың қоршаған орта, оның құрылысы, байланысы туралы білім алуын игертеді.

      Сызба үлгісі нақты сызба бейнесіндегі үлгі. Ғалымдардың зерттеуінше балалардың білім алу мақсатына сәйкес, осы жастағы балалрдың ойлауы, сөздерді ұғынуы, кесте бойынша болмаса түсініксіз. Сондықтан кесте үлгісі жақсы. Сызба үлгісі балалардың еркін ойлап, жұмыс істеуіне көмектеседі.

      Тірек-сызбамен  жұмыс істеген кезде балалар өтіп жатқан материалды тез және жеңіл игереді. Бұндай сабақтар балалардың тәрбиесіне қоршаған ортамен емін еркін жұмыс істеуге көмектеседі.

      Сызба үлгісін қолдану оқу іс әрекетінде аса ұқыптылықты талап етеді. Сондықтан балалармен жұмыс жасаудың жаңа үлгісі құрастырылды. Мысалы балалар шөптерден гөрі

Ануарларға көп көңіл бөледі. Сондықтан да балалар көбінде осіп тұрған гүлдер мен ағаштардың бұтақтары мен жапырақтарын жұлады. Балаларға құндылықты ұғындыру үшін өсіп тұрған ағаштар мен шөптерде тірі ағза екекнін ұғындыруымыз керек.

       «Өсімдіктер – тірі ағза» , екенін мектеп алды жасындағы балалар оқу іс әрекет өткен кезде тез ұғынады «Жәндіктер мен өсімдіктерді бақылау барысында». Бақылау барысында балалар қайсысы тірі ағза екенін анықтайды, мысалы, көртышқан мен тотықұсты бақылау барысында тірі ағзаның белгілерін анықтайды. Бұл белгілер шартты бергі немесе карточка түрінде болады.

       Сұрақ қою арқалы оларға  тамақтану, су, ауа деп бөлуді сұраймын.

       Балалар емін еркін жауап береді. Тірі ағзалар өседі, көбейеді деп.

       Әр қайсысы жеке белгімен белгіленеді және кесте үлгісі бойынша бірінің астына бірі тізіледі. Содан кейін балаларға сұрақ қойылады: «Осы өсімдіктер көртышқан мен құсқа ұқсайма және араларында қандай ұқсастық бар?» деп.

       Салыстырмалы байқаушы және салыстырмалы кесте үлгісі балаларға шешім қабылдауға көмектеседі, өсімдік ол тірі, өйткені ол жануарлар секілді дем алады, су ішеді, қоректенеді, өседі. Және олардың ұрпактары «тұқымы» болады, көбейеді. Балалардың бөлме өсімдіктерімен танысуы «Біздің жаңа жасыл досымыз» атты іс-әрекеінде болады. «Біздің өмірімізде көрік беретін өсімдіктер» т.б.

   Балаларға бөлме өсімдіктерімен танысуды және олар туралы білімдерін бекіту келесі

кесте үлгісі бойынша өтеді. (сурет 2)

    Бақша және т.б. өсімдітер туралы білімдерін бекіту.(сурет 3)

     Өткен білімдерін жетілдіру үшін балаларды әртүрлі ойларын білу үшін сөзге тартамын. Өсімдіктер алдында адамдардың міндеттері туралы не ойлайтыны туралы сұрақ қоямын: "Өсіп тұрған өсімдік егер адам баласы күтпесе өлеме?"(күн сәулесі түссе де жауын жаусада, құрттар жерді тыңайтса да).

   Өсімдіктерді күтіп баптау биоллогиялық қажеттіліктерін білмей мүмкін емес. Балаларға бөлме өсімдіктерінің қай-қайсысына қандай күтім керегін естеріне сақтау қиын. Сондықтан осы мәселені шешуге балаларға өсімдіктерді күту кесте үлгілері көмектеседі. Мысалы фиалканың жапырақтарын жұмсақ қылқаламмен таралған жөн екенін, ал фикус пен лилияны шаңтозаңнан дымқыл сүлгі мен сүртуді көрнекі түрде кесте үлгілері арқылы көріп оңай есте сақтайды.(сурет 4)

    Ересек топта балалар "Күзде жапырақтар неге сарғайып жерге түседі?" атты арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға сұрақ қою қажет: "Осылай нелітен болады?" Олар: " Күз келді, жел жапырақтарды ұшырады" деп жауап береді. Тәрбиеші: " Сонда жазда жел тұрмайма? (Болады). Бірақ жапырақтар сарғаймайды, жерге түспейді". Балалардың алдынғы топта алған білімдерін еске түсіре отыра, көмек сұрақтар қою арқылы, олармен бірге "Өсімдіктердің жазғы және күзгі өсуіне керекті шарттар" атты салыстырмалы кесте үлгісін құрастырамыз. Бұл кесте балаларға жапырақтың түсуінің себебін анықтауға көмектеседі. Бұл кесте балаларға тек қана өсімдіктердің өсуіне керекті шарттар туралы білімдерін бекітіп қана қоймай, тірі және өлі табиғаттың өзара себепті ізді байланысын жасауға көмектеседі. (сурет 5)

    МДМ біз балаларды әртүрлі жануарлармен таныстырамыз, бірақ жиі олар туралы білімдері (поверхностно) болады. Балалардың әртүрлі жануарлар туралы білімдерін бір жүйеге келтіру үшін де кесте үлгісін пайдалануға болады. Таныстыруды қандай да бір жануардан бастау керек, мысалы қояннан. Балалармен бірге қоянды бақылаймыз, оның сырт пішінінің ерекшіліктерін белгілейміз. Ары қарай әңгіме барысында балалармен кесте үлгісі құрастырылады. Онда жануарлардың мекені тамақтануы, адамға қатынасы, адам өміріндегі жануардың маңызы.

   Жануарлармен танысу үшін әртүрлі кесте үлгілерін пайдалану барысында ауыспалы карточкалы  " Үй жануарлары және жабайы аңдар "  атты  тақырыпта жалпы кесте үлгісінің керектігін шештік. (сурет 6)

    Әртүрлі климаттық зоналарының аңдарымен таныстыру барысында: " Солтүстік бұғыларына саяхат", "Түйе- шөл даланың кемесі" атты тақырыптарда кесте үлгілерін жасауға болады. Бұл кестелер баларға осы аңдар туралы және олардың қатал шартты өмірлеріне ыңғайлы ерекшеліктері туралы әңгіме құрастыруға әңгіме құрастыруға көмектеседі. (сурет 7-8)

    Тамақтану тізбегімен таныстыруды белгілі бір реттілікпен өткізу керек. Сәбилер тобының балаларымен тура тағамдық байланысты тұрғызамыз,мысалы,қоян­-сәбіз құс-дәндер,жәндіктер.Ортаңғы топта балаларды күрделендіре орманның мекеншілеріні ң өзара қарым-қатынасын түсінуге тамақтану тізбегі арқылы  әкелу керек.

   Жан-жануарлардын қореқтену саласында бірінші орын алатын ол- өсімдіктер.Келесі тізбектін бөлшегі болып ұсақ өсімдік жегіш жануарлар болып табылады.

    Тамақтану тізбек кесте үлгісі балаларға эко жуйеде пайдалы және зиянды бөлшек жоғын және де барлық тізбе бір-бірімен терең байланысып.бір-біріне тәуелді екенін түсінуге көмектеседі."Кімге не керек?"ойыннын ойнату арқылы күрделі логикалық тізбектерді құрастыруға болады.

      Балалар талқылауды үйренді."Түлкіге шөп қажет пе?Егер қажет болса онда  не үшін?" "Барлық қасқырларды жойса не болады ?" "Құстарға ағаш жапырақтары керек пе?Егер керек болса онда неге?"Осындай сұрақтар және кесте үлгісін пайдалану  балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді және бар білімдері арқылы экологиялық байланысты нығайтады, қалыптастырады.

      Осындай оқу іс-әрекеттер балаларға ұнайды және ерекше қызығушылықпен уйлеринде ата-аналарымен "Тамақтану тізбегін" ойлап тауып қиып жапсырады.(сурет 9)

      Ересек топтарында "Аңдарды классификациялау"атты тақырыпты кесте үлгісі арқылы өз білімдерін тиянақтайды.

       Мына кесте үлгісі балаларға жәндіктер-ол денелері 3 бөлікке бөлінген (басы,кеудесі және іші) 4 қанатты(тек масалар 2 қанатты),6 аяғы,дамуы 4 сатыдан тұратын жануарлар деген ұғымды қалыптастыруға көмектеседі.

                                                               Сурет 10

                                                                 Жәндіктер

  Балалар жиі құрттар мен өрмекшіні  жәндіктер деп қателеседі,ал осындай меңгеру барысында бала қателеспейді.

   "Балықтар" такырыбын алатын болсақ онда да кесте үлгісі арқылы балалар өздерінің білімдерін оңай жалпылай алады.

Мектепке дейінгі жастағы балалармен оқу іс -әрекетін жүргізуде ерекше қиындық тудыратын табиғаттағы  ізді себепті байланыстарды  анықтау.Оның бірі "Құстармен қоштасу" атты тақырыптағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.Оның барысында күздегі құстардың жылы жаққа ұшу  себептерін түсіну.Серуен кезінде балалар тәрбиешілермен бірге  құстардың тәртібін бақылайды,оның нәтижесінде құстар азайып үндері естілмейтінін байқайды."Қалай ойлайсыңдар неге құстар күзде жылы жаққа ұшады?"деген сұраққа балалар оны ауа райының суытуымен байланыстырады.Өйткені күз келді,күн суытты,құстар жылы жаққа ұшып кетті, бірақ құстардың азығы  азаюымен байланыстырмайды.(ашығуымен)

   Сондықтан балалар құстардың негізгі жылы жаққа ұшу себептері туралы дұрыс ұғынулары үшін оқу іс- әрекетінде  үлгісін пайдаланудың  маңызы зор.

   Тақырыбы :"Құстардың оң түстікке ұшу  себептері".

  Бірақалдын ала тәрбиешілерге ұсыныс ;серуен уақытында міндетті түрде  бақша ауласындағы өсімдіктер мен жәндіктерді жүйелі түрде бақылау керек .Оның нәтижесінде балалардың  жәндіктер азайып ,мүлдем көрінбей кеткендеріне көздері жетеді.

     Қорытындылау жасайды;­Өсімдіктермен қоректенетін жәндіктердің өмірі өсімдіктерге байланысты ,ал құстардың өмірі-жәндіктерге байланысты.Азықтары азайып қиынға түскендіктен құстар жылы жаққа ұшуға мәжбүр.Дәл осылай"Құстарды қарсы алайық "деген кесте үлгісін құрастыруға болады.Бұл кесте үлгісі балаларға жыл мезгілдері жайлы білімдерін жүйелеп бірталай өзгерістермен байланысты анықтауға көмегін тигізеді.Кесте үлгілері арқылы"адамның табиғатқа деген көзқарасын көрсетуге болады.

    Қыстап қалатын жыл құстарына қамқорлқ  етудің қажеттілігін түсіндіріп ,оларға уйшік жасап күнделікті тамақтандыру қажеттілігін түсінулеріне әкелу керек.Ол үшін "Қыста құсқа қамқор етсең,мейірімділік олар етер".Балаларға құстарға қамқорлық етудің маңыздылығын түсініп ,сезінуге көмектеседі.Оның барысында ағаштар туралы,өз еңбектерінің болашақ нәтижелерін көруге көмектеседі.

    Мектепке дейінгі үлкен топтарда өлі табиғат обьектілерімен танысу барысында"Кун сәулесі  жердегі өмірдің қайнар көзі» атты сызба үлгісін құрастырылады.Ондай үлгілер баларға көрнекті  болып жатқан түрде табиғаттағы күрделі байлнысты е сызба арқылы күн мен өсімдіктер,жануарлармен адамдардың арасындағы байланысты балалар көреді.

   Сызба үлгілері адамның табиғатқа тигізетін жағымсыз жақтарында ашкуға көмектеседі.Балалар үлкендердің жағымсыз әрекеттерінен кейін ,адамдардың ойсыз тәртібінен кейін(темекінің ,сіріңкенін қалдықтарынан өрт кетуі,судың кірлеуінен ,өзендер мен көлдердегі балықтың жойылуын )сезінулері керек. үлгілерін пайдалану балаларға экологиялық тәрбие беруде өте қажет .Олар балалардың танымдық әрекеттерін дамытып табиғатқа деген дұрыс көз қарастарын тәрбиелеуге т.б көп мәселерді шешуге көмектеседі.