Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ата-аналарға мәлімет

Баланың денсаулығы – сіздің қолыңызда

 

Көп жылдық бақылау көрсетті, жұмыстық қабілет, оқу бағдарламасын сапалы меңгеру, ойлау қаблетінің қалыптасуы, сөйлеу дамуы, әр-түрлі шеберлікті игеру денсаулыққа тура байланысты екенін.

      Денсаулық – тек қана науқастың жоқтығынан, жарақаттан, дененің кемтарлығынан ғана емес. Денсаулық – ол дененің толық жағдайы, жан сезімі және әлеуметтік берекесі. Мектеп жасына дейінгі баланың балалар ұжымында болуы оқу және тәрбие бағдарламасын игеруге, ойнау, оқу және еңбек қызметін іске асыруға маңызды. Дененің амандығы, «денсаулық» туралы түсініктің қосымша бір бөлігі, баланың дамуына және өсуіне қалыпты жағдай тудырады.

     Баланың қалыпты дамуына және өсуіне тиімді тәртіп, дене тәрбиесі, тамақтану, сыртқы ортаның қолайлы болуы.

     Күн тәртібі– ол тәуліктегі өмірдің айқын тәртібі. Дұрыс, жас ерекшелігіне қарай жасалған тәртіп денсаулықты нығайтып, жұмыс қабілетін қамтамасыз етеді, шаршаудан сақтайды.

     Қатаң тәртіпке үйренген баланың тамақтану, ұйықтау, демалу ағзасы соған бейімделеді, сондықтан артық жүйке қуатын жұмсамауға тиімді. Тәртіп қалай дұрыс қойылса да, тәулік бойында баланың белсенділігі төмендейді, сергектікті кезекті ұйқыға ауыстыруды қажет етеді. Тың шаршағандық – жақсы ұйқының себебі, ұйқының шала болуы баланың жүйке жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Балалар ұйықтайтын бөлмеге, әр уақытта таза ауа түсіп түруы керек,ол ұйқының жақсы және ұзақ болуын қамтамасыз етеді.

     Тәртіптің ең бір қосылымы – тамақтану. Бар тамақтану барысы, тәрбиелік мән береді. Балаларға тазалық  дағдысын қалыптастырады: ас алдында қолды жуу, ыдыс-аяқпен, сүлгіні пайдалануды, асты дұрыс шайнауды, ұқыпты тамақтанып, үстел басында дұрыс отыруды.

      Балалар үстел басында тамақты күтіп отыру және тамақтанып болған соң ұзақ отыруына жол бермеу керек – баланың шаршауына әкеп соғады.

      Серуендеу– баланың денсаулығын жақсартуға қолайлы әсер етеді. Таза ауада болу ағзаның дұрыс алмасуына әсер етеді, тамаққа деген тәбетін ашады, шынығуына әсер етеді.

       Ойын– мектепке дейінгі балалардың ең басты қызметі. Дидактикалық ойындар, көрініс-рөлдері, құрып жинастыру ойындары, сезімнің дамуына, сөйлеу дамуына, көңілге қонымды ойлау... Басты ойын – жігерлі ойын болып табылады. Жігерлі ойындар ағзаның нығаюына, оның төзімділігін арттыруға, қозғалуын  дамытады, ұйымдастырады, буындардың қимыл қозғалыстарын сақтандырады (жеткіліксіз қозғалыс белсенділігі).

        Ұйықтар алдында балаларға жігерлі ойындар ойнатпау керек, себебі ұйықтау барысын және ұйқының тереңдігін нашарлатады, сонымен бірге тамақтану алдында да ойнатпау керек баланың  тәбетін нашарлатады және тамақтың сіңуіне кедергі жасайды.

       Ата-аналардың қатысуынсыз бала бақшада балалардың денсаулығын жақсартуға жемісті мақсатқа жете алмайды. Дене тәрбиесінің бар түрін міндетті түрде пайдаланған отбасында – таңертеңгілік гимнастика, серуен, жігерлі ойындар, шынықтыру – балалардың  дені сау, әлді болуына жақсы ықпал етеді.      

Қымбатты ата-аналар, балалардың денсаулығы – сіздің қолыңызда