Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздік мінез қылық дағдыларын дамыту және оны салауатты өмір салтына бейімдеу»

 

 Өмір шеңдігінде қалыптасатын тағы бір жағдай ол адам өмірі мен табиғат аясындағы байланыс.Себебі күн, ауа және су –біздің ең жақын достарымыз.міне, осындай табиғат күштерін пайдалану негеізінен адамның психологиялық және әлеуметтік ерекшелігінің еркіндігін көрсетеді және табиғаттың әртүрлі апаттарына тосқауыл бола алады.Осы шараларды іске асыру үрдісінде нәтижеге жету тәсілдерін іздестіру,  баланың жетілдіру формасының әдістерін таңдау. Бұл тәжірибеге ең жуық келетін жұмыс дәстүрлі педагогикалық принцип пен оны оқыту тәсілін қолдану деп түсінеміз.

  1. Қол жеткізу принциптері: Тәжірибе жұмысы мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігі мен мүмкіндіктерін ескереді.Қол жеткізу шаралары жас және мүмкіндігіне сай теметикалық материалдың күрделілігін іріктеумен айқындалады.
  2. Жеке дара принциптері: баланың жеке басының ерекшеліктерін ескерумен айқындалады.Тәжірибеде жекелей оқыту туралы дидактикалық құралдар көп қарастырылады.
  3. материалды қайталау принциптері: тек қана көп қайталаудың арқасында баланың есінде өмірге қажетті ережелер мен әдет қалыптасады. Ал оның варианттылығы балаларға қызығушылық пен жағымды әсер тигізеді.
  4. Көрнекіліктерді қолдану арқылы көрген-білген, оқығандарын пысықтауға қызығушылықтарын арттырады.

Салауатты өмір салты өз міндетіне көп материалдық және адамның қолайсыз жағдайда қалуында, апаттарда қалуында көп міндеттер атқарады. Сондықтан, қоршаған ортада өмірді сүюге,  білуге, ақыл-ой түйсіктерімен қабылдау арқылы біле алады.Бұл әсіресе, балалармен саяхатқа шығу, әңгімелесу, күнделікті оқу-іс-әрекеттер, көркем әдебиетті оқу , ойындар, жарыстар,сахналау арқылы өтеді. Ең қолайлы және бала бойынан ерекше орын алатын ол- ойын арқылы іске асады.Ойын арқылы балалардың көңіл күйін , мінез-құлқын, үлкенге еліктеуін туғызады.Әлеуметтік құндылығы-мақсатқа жету ұмтылысы. Қалыпты бағыт: белсенділік, қозғалыс, инициативтік.

Ой міндеттері-ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға. Мінез-құлқын қалыптастыра отырып, ойын екі кезеңге бөлінеді:

1 кезең 2-3 жас шамасында

2-ші кезең 3-5 жас шамасында

1-ші кезең бұл білімді бойына сіңіру кезеңі.Бұл кезеңде білуге деген құштарлығы көргендерін қабылдауы, алған әсерлерін байқауға болады. Бұл бағытта әртүрлі көрнекіліктер арқылы оқыту, әдемі иллюстрациялық суреттер арқылы ертегілерді оқу жатады.Мысалы. «Қасқыр мен жеті лақ», «Түлкі мен ешкі», «Бауырсақ» тағы басқа ертегілер. Бұл ертегілерді сахналау арқылы да көрсетуге болады.Осы ертегілерге байланысты қауіпсіздік ережелерін бірнеше бағытта бөлеміз.

 

 

 

Қауіпсіздік бағыты

 

 

 

Ертедегі Кейіпкер әрекеті

 

 

Өзінің ішкі

сезімін түсіну

 

 

Тосын жағдай

 

 

Шешім қабылдауы

 

    Осы ертегілерді оқу барысында балаларды өмірдегі жайсыз кауіпті жағдайларымен таныстырамыз және сақтануға үйретеміз. Көркем өлен оқуда бәрін суйікті «мойдодыр» , «дәрігер Айболит» , «Марғаудын уйі»  тек оқып қана қоймай DVD арқылы көре аламыз. Өлең тақпақтар оқу барысында «неге тісімізді тазалаймыз?», «жаттығуға тұрамыз», сияқты бала өміріндегі денсаулық сақтау әрекетін көрсете аламыз. Осы жас шамасындағы балалар адам бойындағы құрылысын плакаттар арқылы көрсетуде біле алады. Мысалы : бір – бірінің арқасына отырмау, бір – бірін көтермеу, бір – бірінің құлағына айғайлауға болмайтынын. Тіпті 4 – 5 жас аралығындағы балалар тұратын мекен жайын білу керек, телефон нөмірлерін, телефонмен дұрыс сөйлеу білу, үйі нешінші қабат, нешінші үйде тұратынын үйреткен жөн. Көшеде жүру тәртібіне байланысты көп жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты дидактикалық ойындар «Бағдаршам», «Көшеде айғайламаймыз» және өздеріне таныс көліктерді сурет бойына құрастырады. Сюжеттік ойыны «Дәрігер» балалрдың суйікті ойыны. Ойын үстінде тәрбиешінің қатысуымен ұйымдастырады. Мысалы, қонжық аяғын ауыртып алды, не істеу керек. Әуелі жараның орнын перекисьпен жуамыз, сосын зеленка жағамыз да бинтпен орап таңамыз. Осы ойыннға балалардың көңіл бөлуі, ұқыптылыққа өз өмірлерін, денсаулықтарын қорғап, мұндай жағдай болмау үшін не істеу керек екеніне көз жеткізу. Мектепке дейінгі баланы эмоцианалды қалпына сергектік, өмірге қуану, оптимизмге тән болып келеді. Ал бастан кең тарағаны қоқыныш, яғни нақты стимулдар мен ситуацияларға реакция болады. Ол қорқыныштарға, қараңғыдан қорқу, жабайы жануарлардан, бұзықтардан, таныс емес адамдардан, анасынан бөлектенуден және жалғыздықтан.

      Осыған байланысты «Карлсон және бала», «Үйде жалғыз болғанда», қандай кауіпті жағдайдың алдын-алу керек екенін түсінеді. Бала денсаулығын сақтауда, далада ойнағанда көп қауіпті жағдайлардан сақтанған дұрыс. Мысалы : қаңғыған иттер, мысықтардан аулақ жүргені дұрыс. Қауіпті жағдайға душар болғанша, оның алдын алуды үйреткен жөн. Бала денсаулығын түрлі аурулардан сақтау керек екенін ұмытпаған жөн. Осыған байланысты «Қабаған ит» тақпағын оқу арқылы мазмұнын түсіндіру. Адам өміріне қауіпті жағдайлар өте көп. Соның бірі өрт қауіпсіздігінен сақтану. Сондықтан біздің міндетіміз балаларға қауіпты жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету. Өрт туралы әңгіме жүргізу «Өрт сөндіруші машина», «От-тілсіз жау», «Жалғыз үйде» атты тақырыпта әңгімелер оқу. Балалармен ең дұрысы осындай келеңсіз оқиғалардың алдын – алу үшін не істеу керек, деген сұрақтарға жауап ретінде алдын – ала дайындалған плакаттар қолданамыз «Өрттің себебі сіріңке», «Мысық пәлеге душар болды».

     Тіпті табиғат жағдайында адамдардың әрекеттерімен байланысты көзге бөгде заттың түсуінен қорғану, құлап қалу, жарақаттанудан сақтану, өзіне таныс емес саңырауқұлақ пен жемістерді жемеу, таныыс емес сұйықтықтың дәмін татып көрмеу керек. Сонымен қорыта келе дене шынықтыру сапаларын жетілдіру және сауықтыру мақсатына бағытталған ішкі және сыртқы  жағымсыз ортаға ағзаның қарсылығын күшейту.

     Бұл бағытта дәстүрлі және дәстүрлі емес сауықтыру әдістері қолданылады. Балаларды қауіпсіздік ережелермен таныстырғанда, олардың жеке тәртіптерінің қалыптасуына көңіл аударамыз.

  • Қауіптіліктің алдын ала сезіну
  • Қауіпке қарсы алдын-алу шараларын қолдану
  • Басқалардан көмек сұрай білу
  • Қауіпсіздіктен сақтауға әрекет жасау

 Оқу іс -  әрекет барысныда балалар адамға жай ғана үйді де, далада да, балалар бақшасында да, кездескен қыйын, қауіпті жағдай да саөтана білуді түсінеді. Осы жұмыстың барлығы балалардың, ақыл-ой дамуына, әлеуметтік психологиясына жетілууіне, сауықтыру шараларын жетілдіруге бағытталған.

Салауатты өмір салтын жеткілікті бағытта тәрбиелеудің тағы бір маңыздылығы бұл ата – аналармен тікелей тығыз қарым – өатынаста болу. Балалардың денсаулығына байланысты кішігірім кітапхана «Бала денсаулығы» кітапшалар дәрігер кеңесі бойынша. «Қауіпсіздік әліппесі» сауалнама жүргізу.

    Ертеңгіліктерге қатысуы, саяхатқа бірге баруы және «Көңілді старт», «Ынтымақты отбасы», «Әкем-шешем және мен» жарыстар өткізу салауатты өмірдің нағыз айғағы болып табылады.