Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Денсаулық сақтау технологиялары

 

Арт- терапияның элементтік жаттығулары

 

 

Шығармашылық әрекет балаға өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым-қатынасын,бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады.

         Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Өзі туралы айтуға тырысатын өзінің сезімдерін қуанышы мен мұңын білдіретін өзіндік «тілі».

         «Арт-терапия» 1938 жылы А Хиллмен енгізілген, өзін көрсете білудің еркін  құралы болып табылады.Шығармашылық процессте эмоционалдық жылылықтың атмосферасы, өзін және бүкіл әлемді терең түсінуі қалыптасады.

         Арт-терапияның элементтері мен жаттығуларының негізідері:

  • өзі жайлы танымын қалыптастыру
  • сезімі мен эмоциясын білу және өзгеге білдіру
  • позитивті қабылдауды қалыптастыру
  • коммуникативтік дағдыларын дамыту
  • отбасының эмоционалдық жақындастығы
  • психоэмоциялық кернеуді шешу

 

Арттерапияның тағы бір саласы – психо –терапия.

1930-шы жылдары психолог Фредрик Аллен арттерапияны кеңінен қолданды.Өзінің зерттеуінде психотерапияны баланың арасындағы қатынастан басқа , балаға жеке тұлға ретінде қарау. Оның терапиясы «Қатынас терапиясы» деп аталынады.

Бала неге ойнайды , осы туралы сіз ойланып көрдіңіз бе? Неліктен ұлыңыз жаңа ойыншық автомашинаға көңіл аудармастан, қайдағы бір ханшайымды құбыжықтың шырмауынан босатып  алуға әуес, ал, қызыңыз әр күн сайын өз ойыншық итін «жазалай» береді? Ойын бала санасындағы ұрыс-керістерді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді,  осы арқылы эмоционалдық толқуды алып тастауға ықпал етеді. Яғни, ойынның өзі неврологиялық мазасыздық кезіндегі терапия болып саналады, мінез-құлықтағы ызақорлықты төмендетіп, үрей деңгейін басады.

Ойын барысында балалардың жиі шекісіп қалып жататын сәттері кездеседі.Оның себебі : бір бала өте-мөте белсенді, ал, екінші бірі ұяң, ұялшақ. Үшіншісі үнемі қорқып, анасының артына тығылып жүреді.Осы әртүрлі балалардың басын қалай біріктіруге болады. Түрлі психологиялық ойындар арқылы бала ағзасының дамуына теріс әсер ететін мінез құлықтағы ерекшелікутерді түзетуге болады. Мысалы, «Бүркіт» ойыны.Ойын барысында ересек адам  «Бүркіт» болады, ал, балаларойын алаңында ойнап жүреді. Бір мезгілде «Бүркіт» ұшып шығады, сол мезетте балалар қалқандардың артына тығылады. Бұл бала бойында қорғаныш сезімін қалыптастырады. Осы ойынды түрлендіріп ұяң балалардан белсенді бала қалыптастыру жұмысына пайдалануға болады. Ол үшін ұялшақ, ұяң балаларды  «Анасы» қылып, белсенді балалар «Бүркіт» ұшып келгенде «Анасының» артына тығылып, «Аналары балаларын көлбегейлеп, жасырып, барлығы «Бүркітті» қуа бастайды. Оны жақындатпай өз жандарынан қуып тастайды. Ойынды жазғы маусымда ата-аналармен де жүргізуге болады.

 Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайта түседі.