2018 жылы 10 сәуірде «№112 сәбилер бақшасында» «Мектепке дейінгі балаларда оқытудың әр деңгейлі технологияларын қолдану» атты тақырыбында Павлодар қаласының мектепке дейінгі естияр топтарының тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға 32 ұстаз қатысты. Тәрбиешілерге мыналар ұсынылды:
-ҚМТК бойынша естияр тобында әр деңгейлі тапсырмалары мен тәрбиеленушілерге жеке тұрғыдан келуін қолдануымен «Орманға саяхат» атты ашық сабақ өтті (тәрбиеші К.Б. Исакова)
-әдіскер Н.А. Коваленконы
7 сәуірде балабақша және жақын арада орналасқан аймақты тазалық пен тәртіпке келтіру үшін сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік - көктемгі ауада, бейресми жағдайда барлығымыз бірге өзара—қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Сенбіліктер біздің өмірімізге қажет, себебі тазалық адамда ғана емес, айналасында да болу керек. Жақсы көңіл-күйге, еңбек ерлігіне, тырысуға жақсы ауа райы да ықпал етті. Сенбіліктің қорытындысы – аймағымыз таза! Осындай сенбіліктен кейін, біздің қолымызбен жасалған еңбектің
Біздің балабақшаға Қазақстан Республикасы Павлодар облыстық қызыл жарты ай қоғамдық бірлестігінің өкілі келді. Балабақша ұстаздарымен кездесу өте пайдалы болды. Ұстаздар волонтер көрсеткен алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік тәсілдірін еске түсірді. Бұл өте қажет, себебі әр ұстаз тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауапты.
Наурыз мерекесі мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында даярлық топтардың демалысы кезінде «Ұлттық ойындарды жаңғырту» атты қазақтың ұлттық ойындар күні өтті. Бұл іс- шараның мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту, балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. Шараны қазақ тілі мұғалімі Ж.К. Ахмадиева өткізді. Балалар қазақтың ұлттық ойындары: «Асық ату», «Теңге алу», «Қыз қуу», « Тақия тастамақ», «Орамал тастамақ», «Соқыр теке» ойындарын ойнады.
Балалар ойындарды қ
Көктемгі демалыс кезінде даярлық топтарда «Көктем аруы» атты көңілді жарыстар өтті. Жарысқа тек қана қыздар қатысып, өздерінің шапшаңдылығын, спорттық тапқырлықтарын көрсетті.
2018 жылғы 30 наурызда біздің балабақшада музыкалық жетекшісі Л.Н. Безрукова және даярлық топтарының тәрбиеленушілерінің көмегімен «Мен - талант» концерті өтті. Балалар ән айтты, би биледі, өлең оқыды, көркем гимнастика және спорттың жауынгерлік түрі бойынша өз өнерлерін көрсетті. Концерт соңында кішкентай жұлдыздар мерекелік флэшмобқа шақырды. Бұл мереке балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Наурыз мейрамы көктеммен келеді. Бұл кезде табиғат оянады. Осы мереке өмірімізге жаңа, жақсы жаңалықтар әкелсін.
2017 жылғы 20 наурызда біздің балабақшада Наурыз мерекесі өтті, мерекені музыка жетекшісі Л.Н. Безрукова, қазақ тілі мұғалімі Ж.К. Ахмадиева өткізді. Мерекеге2сәбилер «Б», ересек және даярлық топтарының балалары қатысты.
Бұл мерекеге: сатушы, Бай, Ер-Төстік, Қыдыр-Ата, Әже, Көктем, Жалмауыз Кемпір кейіпкерлері келді, ал балалар олармен: «Бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту», «Қазан» сияқты әртүрлі қазақтың ұлттық ойындарын ойнады, әндер шырқады, өлең оқыды, қазақтың ұлттық«Қамажай», «Қара жорға
Ересек «Б» тобында «Наурыз мерекесіне» арналған суреттер көрмесі өтті. Осы көрмеге ата-аналар да, балалар да белсенді қатысты. Жас суретшілер ата-аналармен бірлесіп көктем мерекесіне деген өз көзқарастарын білдірді. Суреттер алуан түрлі, түрлі - түсті болып шықты.
Наурыз ғаламшарды айналып жүр! Осы мерекеге байланысты біздің балабақшада естияр топтарында ертеңгіліктер өтті.
Наурыз мерекесі қарсанында № 112 сәбилер бақшасының барлық топтарында қазақ халқының «Тұсау кесу», «Бесікке салу» салт-дәстүрлерімен таныстыру атты тақырыптық сабақтар өтті. Сабақтарды қазақ тілі мұғалімдері Ж.К.Ахмадиева, А.А.Ахметбекова өткізді. Сабақта балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, қызықты, мағлұматтар алды. Балалар сабаққа аса қызығушылықпен қатысып, оларды қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықтары артты.
Біздің балабақша өлкетану мұражайымен тығыз байланыста. Өлкетану мұражайының қызметкерлері балаларға қызықты бұйымдарды ұсынды. Осы жолы балалар теріден жасалған , әдемі безендірілген қамшыны қолға ұстап көрді. Оюланған қазақтың ұлттық ыдыстарын тамашалады. Шебермен қолымен әрленген көрпешелерге отырып көрді. Қазақтың ұлттық «Тақия тастамақ» пен «Сақина» ойындарын аса қызығушылықпен ойнады.
Балалар осындай кездесулердің тағы да болуын асыға күтеді.
Біз өз балаларымызға қарап өмірдің жалғасы бар екеніне сенімдіміз!
Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.
Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.
Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең - әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.
Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!
8 Наурыз мерекесі қарсаңында ересек «Б» тобында «Сүйікті анамның портреті» атты балалар суреттер көрмесі өтті. Балалар өз аналарының суретін сүйіспеншілікпен салды. Олар өз жұмыстарында аналарының сыртқы ұқсатығымен қатар, өмірдегі ең қымбатты адамына деген шексіз махаббатын көрсете білді.
Кез келген жағдайда адам не күледі, не қорқады, не қобалжиды. Осылай ол ақиқатқа деген өз көзқарасын білдіреді. Бір күнде адамның көңіл-күйі қалай өзгеретінін көру үшін, даярлық «Б» тобының тәрбиеленушілері педагог-психологпен бірлесіп, өз көңіл-күйлерінің көрнекі қуыршағын жасады және бір-бірімен салыстырды. Балалар тапсырманы қызығып орындады, өздері жасаған қуыршақтың эмоциясын айтып отырды.
Бассейннің ашылуы алғыс күні аясында өтуде. Бассейннің ашылуына ата-аналар, балалар шақырылды.
Бүгінгі күнде білім сапасына көп көңіл бөлінеді, себебі оқу пайдалы ғана болмай, сонымен қатар қызықты, адамның ізденгіштігі мен эрудициясындамытукерек. Осы міндетті біз тәжірибелік-эксперименталдық қызметі арқылы орындаймыз. Мектеп жасына дейінгі бала – ізденгіш, ойлаушы, қадағалаушы тұлға. Әлемді тану арқылы ол көп жаңалық ашады. Эксперименттеу мектепке дейінгі баланың зияткерлік дамуының тиімді құралы болып табылады. Осыны кез келген бала жасайды: қағазды жыртады, ойыншықты бөлшектейді, құм
Фоторепортаж
Қыс сиқырмен келеді. Қар – бала үшін ғажайып нәрсе. Балалар қыста жаз мезгіліне қарағанда аз серуендейді, сондықтан жазды асыға күтеді. Қарлы мүсіндер арқылы жаңа ойындармен қуантығу болады. Оларды мүсіндеу ғана емес, түрлі – түсті бояулармен бояу қажет. Учаскелерді безендіру кезінде ата-аналар белсенді қатысты, солардың арқасында учаскелер әдемі ертегіге айналды.
Екінші сәбилер «А» тобында тәрбиеші Н.А. Песоцкая сурет тарауы бойынша балабақша тәрбиешілеріне ашық сабақ көрсетті. Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес техникасымен таныстырды. (саусақтармен, мақта таяқшаларымен). Балалар сурет салудың техникасын өздері таңдады. Аққаланың суретін қуана-қуана орындады. Балалар өз шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Тәрбиешілер Наталья Анатольевнаның сабағын жоғары бағалады.
