Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 7182 608350
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Жаңалықтар
2
2 "Ж" сыныбы
28-11-2019 20:04
Бүгін 2 "Ж" сыныбында математика пәнінен Есептер шығару тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар қазына іздеу саяхатына шықты.Сабақта белсенді әдістер қолданылды.Балалар топта,жұпта,жеке-дара да жұмыс жасады.Барлық тапсырмалар логикалық ойлауды дамытуды көздеді.Сараланған тәсілді қолдану оқушылардың сабақтағы мақсатқа жетуіне көмектесті.Балалардың еңбегі ақталды!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
28-11-2019 20:02
#21ЖОМ-нің 5-сынып оқушысы Алихан Серік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.
Құттықтаймыз! Жарайсың!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
28-11-2019 20:00
#21 ЖОМ -нің 3-сынып оқушысы Шингажинов Жан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналган "Менің Отаным -Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.Жетекшісі: Ибраева Камиля Рамазановна
Құттықтаймыз! Жарайсың!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
28-11-2019 19:58
#21 ЖОМ-нің 3-сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы Күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды. Жетекшісі Ибраева Камиля Рамазановна
Мәнерлеп оқу сайысы
Мәнерлеп оқу сайысы
28-11-2019 19:55
2019 жылы 27 қараша күні бастауыш сынып он күндігі аясында #21 мектептің 1-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар Қазақстан ақындарының Отан туралы шығармаларын шабытпен оқыды.
"Достықты сақтау"
27-11-2019 14:36
2 "Д" сыныбында "Достықты сақтау" тренинг сабағы өтті.Балалар достасу ағашын өсірді,ребус шешті, қазақ және орыс тілдерінде достар туралы мақал-мәтел құрастырды.
Кездесу
Кездесу
27-11-2019 14:32
21 ЖОМ-нің 11-сынып оқушылары Павлодар қаласының полиция басқармасы ұйымдастыруымен Естай атындағы ҚМҮ-де өткен кәсіптік бағдарлауға қатысты. Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына үміткеплерді сапалы іріктеу шарттарымен түлектерді таныстыру.
"Барлық мамандық керек, барлық мамандық маңызды"
27-11-2019 14:29
Бастауыш сыныптардың әдістемелік апталығы кезінде 1 "Д" сыныбында "Туған жер" бағдарламасы аясы бойынша "Барлық мамандық керек, барлық мамандық маңызды" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Ашық сабақ
Ашық сабақ
27-11-2019 14:25
Бүгін 3 "Е" сыныбында "Тік бұрыш пен шаршының ауданы" тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өтті.Туған қаласына саяхат жасау арқылы оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындады.
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!!
25-11-2019 15:06
21 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы Аубашева Мөлдір жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысынының облыстық кезеңінде "Тіл білімі" секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
25-11-2019 15:01
22.11.2019 жылы #21 ЖОМ-нің география пәні мұғалімі Есмакаева Гульмира Болатовна "Рухани жаңғыру - жаһанды мәнге ие жоба" облыстық сайысынан 2-орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Рухани жаңғыру - жаһандық мәнге ие жоба"
25-11-2019 14:56
22.11.2019 жылы #21 -ЖОМ-нің ағылшын тілі мұғалімі Магжанова Айгуль Оразовна "Рухани жаңғыру - жаһандық мәнге ие жоба" облыстық сайысынан "Білім жанашыры" номинациясын алды. Құттықтаймыз!!!
"Рухани жаңғыру - жаһандық мәнге ие жоба"
25-11-2019 14:53
22.11.2019 жылы #21 ЖОМ-нің тарих пәні мұғалімі Шишлов Максим Иванович "Рухани жаңғыру - жаһандық мәнге ие жоба" облыстық сайысында "Ұлтжанды мұғалім" номинациясын алды.
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!!
25-11-2019 14:50
10 "А" сынып оқушыларының "Рухани қазына" тобы Елбасы күніне арналған "Жасын" қалалық интеллектуалдық ойынынан 3-орын алды. Құттықтаймыз!!!
"Түсік жасату" тақырыбында дәріс
25-11-2019 14:35
21.11.2019 ж #4 емхананың гинеколог дәрігері З.Бельгибаева жоғары сынып қыздарымен "Түсік жасату" тақырыбында дәріс өткізді.
"Қыс мезгіліндегі судағы қауіпсіздік"
25-11-2019 14:32
21.11.2019 ж."Павлодар облысы ТЖД" ММ-і белсенді-құтқару отряды құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы В.В.Козлов "Қыс мезгіліндегі судағы қауіпсіздік" тақырыбында дәріс өткізді.
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!!
25-11-2019 14:29
#21ЖОМ-нің 6 "В" сынып оқушылары Абубакиров Мухаммед 5-6-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндердің кешендік олимпиадасының ІІІ қалалық кезеңінен 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!
"PIRLS, TIMSS халықаралық зерттеулері аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында семинар
25-11-2019 14:25
#21ЖОМ-де бастауыш сынып мұғалімдерінің "PIRLS, TIMSS халықаралық зерттеулері аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті. 21 ЖОМ-нің мұғалімдері Н.В.Гетманская, Ж.А.Алпысбаева шығармашылық топтың жұмысын көрсетті. Тәжірбиелік бөлігінде қала мұғалімдері Блум жүйесімен халықаралық зерттеу тапсырмаларын құрастырды. Семинар соңында қатысушылар ұсыныстарын айтты.
"Кемпірқосақ" Мектеп қызметі"
25-11-2019 14:22
21.11.2019 жылы Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай #21 ЖОМ-де "Кемпірқосақ" Мектеп қызметі" әлеуметтік жоба аясында еріктілерді марапаттау және медиаторына қабылдау жүргізілді. Жоба белсенділері өз жобаларын көрсетті.
"Жеке тазалық"
25-11-2019 14:19
Бүгін 1 "К" сыныбында "Жеке тазалық" тақырыбында сынып сағаты өтті. Балалар суреттерін дайындап, жеке тазалықты сақтаудың маңызы туралы айтты.