
Безрукова Юлия Алексеевна – мектеп басшысы, білімі жоғары, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, диплом бойынша мамандығы«Информатика», Новосібір облысының Қарасұқ педагогикалық училищесі, диплом бойынша мамандығы, бастауыш сынып мұғалімі.
Басшы ретінде I біліктілік санатты, «педагог-зерттеуші».
2023 жылы «Өрлеу» АҚ-да біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Білім берудегі менеджмент» курстарынан өтті.
2024 жылы «NIS» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Өзгерістер көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңа көзқарас» республикалық кадрлық резервінде (болашақ басшыларды даярлау) оқудан өтті.
2025 жылы «NIS» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту:бастауыш мектептегі тиімді практика» курсын бітірді.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» кәсіби Республикалық конкурсында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломдарымен (2020 ж.), «Үздік авторлық бағдарлама» үшін III дәрежелі дипломмен ( 2023 ж.) марапатталған.
Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2020 ж.), Павлодар облысы білім басқармасының Алғыс хатымен (2022 ж.) марапатталған.
Заманауи мектеп басшысы: білім берудегі өзгерістер көшбасшысы
Заманауи мектеп - бұл қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік институт, ол уақыттың сын-қатерлеріне жедел жауап беруі керек: цифрландыру, еңбек нарығының өзгеруі және түлектерге қойылатын жаңа талаптар. Мұндай жағдайда мектеп басшысы жай әкімші болуды тоқтатады және өзгерістердің негізгі көшбасшысы болады.
Мектептегі өзгеріс көшбасшысы — бұл жаңа бағдарламалар мен технологияларды енгізетін адам ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму мәдениетін қалыптастырып, ұжымда инновациялық ахуалды қолдайтын тұлға. Ол – құндылықтарды, нормаларды және мінез-құлық үлгілерін қамтитын еңбек мәдениетін зерттеп, оны қалыптастыратын әлеуметтік архитектор.
Өзгеріс көшбасшысы барлық оқушыларға, олардың шыққан тегі мен қабілеттеріне қарамастан, тең мүмкіндіктер жасауды басты назарда ұстайды.
Жаңа буын мектеп басшыларын даярлауға бағытталған жобалар болашақ директорлардың заманауи әдістемелер мен оқыту бағыттарын меңгеруінің, сондай-ақ инновацияларды енгізуді үйренуінің маңыздылығын атап көрсетеді.
Заманауи мектеп басшысы — жай ғана басқарушы емес, ол шабыттандырушы және тәлімгер. Ол тек ресурстар мен үдерістерді басқарумен шектелмей, адамдарды соңынан ерте білетін, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге оқушыларды дайындай алатын болашақ мектебін құратын көшбасшы болуы керек.

