Мереке - бұл сіз үшін көңілді және пайдалы ғана емес, сонымен қатар сіздің жаныңыздағы адамдарға да қатысты. 6-шы сынып оқушылары аналар үйінде тұратын балаларға сыйлықтар беруді шешті. Қиын жағдайға тап болған адамдардың әңгімелерін тыңдау біршама қайғылы болды. Жаңа жылда бәрі өмірде болады деп үміттенеміз!
Қысқы демалыс - бұл керемет! 6г сыныбы демалысты денсаулық үшін пайдалы өткізеді! Барлығымызға үйде отырмауға, телефондарды, ноутбуктарды, компьютерлік ойындарды ұмытуға, барлық сыныппен жиналуға және "Зеленая рощаға" баруға, таза ауамен демалуға, төбешіктен сырғанауға кеңес береміз! Рух сезімі басып алады!
6Г сыныбы қараша мен желтоқсан бойы математика, орыс тілі, жаратылыстану, тарих, ағылшын және қазақ тілдерін қоса алғанда, әр түрлі пәндер бойынша қашықтық олимпиадаларының (ҒЗО) тапсырмаларын орындады. Бізде бірінші, екінші және үшінші орындар! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Әр түрлі пәндер бойынша олимпиадаларға қатысқан Мосин Богданды ерекше атап өткіміз келеді! Біздің мақтанышымыз!
28.12.2019ж-04.01.2020 ж арасында хоккейден қызығушылар арасында облыстық жаңа жылдық турнир өтті. Біздің дене шынықтыру пәні мұғалімі В.А.Родькин "Ең пайдалы ойыншы" дипломымен марапатталды. Жарайсың! Құттықтаймыз!
Мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, дүниежүзі тарихы пәні мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша №21 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Есмакаева Гульмира Болатовна ІІІ дәрежелі диплом марапатталды.
"#21ЖОМ" ММ-де "Ақсақал тағылымы" қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесу өтті. Оқушылар алдында Павлодар облысы ардагерлері Серік Сатыбалдин, Совет Әмірханұлы, Шолпан Байғалықызы сөз сөйледі.
1 "З" сынып оқушысы Жанаргалиев Мансур Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған гимнастика спортының Ашық чемпионатынан 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Мансұр саған жаңа жеңістер тілейміз!
Желтоқсанда ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ таекван-додан жарыс өтті.
2 "В" сынып оқушысы Мурат Амирхан (7-8 жас аралығындағы балалар арасынан) спарринг бағдарламасы бойынша 1-орын, хьенги бағдарламасы бойынша 2-орынға ие болды. ЖАРАЙСЫҢ!
Павлодар облысы бойынша таэквандоның ашық чемпионатынан "#21 ЖОМ"ММ-нің оқушысы Ботабай Медет массоги (жұптасу)3 және хъенги бағдарламасынан 1-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсың!
Павлодар облысы бойынша таэквандоның ашық чемпионатынан "#21ЖОМ" ММ-нің оқушысы Базарбаев Рауан массонги (жұптасу) және хъенги бағдарламасынан 1-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсың!
Желтоқсанда балалар, жасөспірімдер арасында Әскери қоян-қолтық ұрыс жарысы өтті. 2 "В" сынып оқушысы Мазеин Дмитрий 8-9 жас аралығындағы 38 кг дейінгі салмақтан 2-орынға ие болды. Міне, біздің ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ болашақ қорғаушылары.
14.12.2019 ж. "#21ЖОМ" ММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мұғалімдер арасында волейболдан облыстық жарыс өтті. Мұғалімдеріміздің командасы 3-орынға ие болды. Жарыстың ең үздік ойыншысы "#21ЖОМ" ММ-нің мұғалімдері А.Н.Акишев және Р.Т.Абдалинов атанды. Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
#21 ЖОМ-нің 5 "В" сынып оқушысы Хамит Ниязбек таланттар музыкалық шоуынан гран при ұтып алды. Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мектебіміздің стадионында шаңғы жолы ашылды. Оқушылар алғашқы сабақтарын алды және бәрі риза болды. Барлықтарыңызды шаңғы жолына шақырамыз!
13.12.2019 ж. "#21ЖОМ" ММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған "Дарынды ұрпақ-ел болашағы" атты 1-сыныптарының патриоттық форумы өтті. Мақсаты - өз Отанына деген махаббат, Қазақстандық патриоттық, құрмет сезімін қалыптастыру, мақсатқа жете білу, белсенді болуға үйрету.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін тойлауына орай "#21 ЖОМ-де" 2-сыныптар арасында футболдан жарыс өтті.1-орынды 2 "Д", 2"В"иеленді. 3-орынды 2 "Ж", 2 "Г" иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
Бүгін №21 мектеп кітапханасында №3 балалар кітапханасымен бірлесіп 8 б оқушыларының қатысуымен қазақ поэтессасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына аранлған «Жыр падишасы Фариза» атты әдеби кеш өткізілді.
12.12.2019 жылы #21 ЖОМ-Нің 5 "Г" сынып оқушылары тарих пәні мұғалімі Ботагөз Бакыбаевна Кенжебаевамен 5-сынып оқушыларына Тәуелсіздік күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" интеллектуалдық ойынын өткізді. 5 "Д" сыныптың "Патриот" командасы жеңімпаз атанды.
