5.12.2019 жылы 1 "Л" сыныбы "Кім боламын?" тақырыбындағы сынып сағатына ата-аналарды шақырды."Incomcompany" АҚ директоры Починок Сергей Федерович оқушыларға энергетик мамандығының сырлары туралы айтты."HAIR& NAILS" сұлулық-студиясының кәсіптік шебері Янцен Елена Сергеевна балаларды сұлылық және сиқыр әлеміне апарғандай болды.
Мектебіміздің 7 "Г" сынып оқушысы Доценко Даниил Павлодар қаласындағы велоспорт секциясына қатысады. Даниил велоспорттан облыстық, қалалық жарыстарға белсене қатысады және әрқашан жүлделі орындарға ие болды. Алдағы уақытта да жеңіс тілейміз!
Бастауыш сыныптар ӘБ онкүндігі аяқталуына орай 2-сыныптар арасында Ж.А.Алпысбаева сыныптан тыс-іс шара "КВН" ұйымдастырды.Балалар есептер шығару,ребус шешуге белсенді қатысты. Балалардың ойлау, есте сақтауын шыңдады.Ойын соңында балалар бір-біріне дос болуды, епті болуды тіледі.
"Балдәурен" әдістемелік бірлестігі бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 4"Б" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында сыныптан тыс ашық іс-шара өтті. Іс-шара барысында: Пайдалы және зиянды тағамдар және оның әсері, дәрумендер, тамақтанудың негізгі ережелері, тәртібі туралы талқыланды. "Егер мен мектеп аспазшысы болсам... " тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мұғалімі Ракишева Г.Б
"Мейірімділік - үнемі оны жасайтын жерде болады" В.В.Гжелик бастауыш сыныптар он күндігі аясында "Мейірімділік жаса" шығармашылық суреттер сайысын өткізді. Акция " Жақсылықты тексеру үшін оны жасау қажет!" деген әнұран арқылы өткізілді.
Мектебіміздің оқушылары Асылханова Даяна, Савич Дарья 2004 жылы туылған және одан кіші қыздар арасындағы республикалық жарысқа "Ертіс" баскетбол клубының құрамасымен қатысты."Ертіс" баскетбол клубы 3- орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Жарайсыңдар!
6г сынып оқушылары сыныптастарының туған күндерін атап өтуде. Қараша айының соңында күзде туғандарды құттықтады. Уақытты көңілді өткізіп, бір-біріне жылы сәттер сыйлады.
Қыс - керемет кезең. Бұл - қармен ойнау, шаңғымен сырғанау, сонымен қатар бұл - конькимен сырғанау. 6г сыныбы мұз шоуында болды. Қатысушылардың ұсынылған нөмірлері қызықты болды. Өзіміздің конькимен сырғанауға ниетіміз пайда болды.
Мектебіміздің мұғалімдері Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған Павлодар қаласы мектептері арасында өткен қалалық волейбол жарысынан 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
№21 ЖОМ бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2А сыныбында Қазақ тілі пәнінен "Хабарлы сөйлем" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалімі Солтангазинова Д.С. Оқушылар топпен, жұппен, жеке берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жұмыстарын бағалады.
Мектебіміздің оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған 2007 жылы туылғандар мен одан кішілер арасында өткен қалалық баскетболдан 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!...
29.11.2019 жылы "#21 ЖОМ"ММ-де Бірыңғай Республикалық сабақ "Заманауи сабақ. Елбасының лидерлік сабағы" өтті. Бірыңғай сабаққа қалалық мәжіліс депутаты М.И.Желнов қатысты.
Мектебіміздің оқушысы Балкоева Милана "Қазақстанның Раушандары" Халықаралық сайысынан 1- орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
Бүгін "#21 ЖОМ" ММ-де Тұңғыш Президент күнін тойлау қарсаңына орай "Жас ұлан", "Жас қыран" ББЖҰ-ы қатарына қабылдау салтанаты өтті.
4 "В"сыныптың "Желпілдек" тобы "Айналайын" ӘБ он күндігі аясында өткен "Жалпы барлығы туралы" сайысынан 1-орын алды.
Міне, мен де өзімнің 1 "Л"сыныбымдағы 6-жастағы керемет оқушыларыммен алғашқы ашық сабағымды өткіздім. Балалар сабақта математикадан "Қосудың ауыстырымдылық қасиеті" тақырыбынан білімдерін көрсетті. Өзімнің кішкентай бірақ ұйымшыл, тәртіпті, білім алуға деген ынтасы бар оқушыларыма алғыс білдіргім келеді. Менің бірінші сынып оқушыларым, сәттілік және жеңіс тілеймін!
Бүгін 2 "Ж" сыныбында математика пәнінен Есептер шығару тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар қазына іздеу саяхатына шықты.Сабақта белсенді әдістер қолданылды.Балалар топта,жұпта,жеке-дара да жұмыс жасады.Барлық тапсырмалар логикалық ойлауды дамытуды көздеді.Сараланған тәсілді қолдану оқушылардың сабақтағы мақсатқа жетуіне көмектесті.Балалардың еңбегі ақталды!
#21ЖОМ-нің 5-сынып оқушысы Алихан Серік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.
#21 ЖОМ -нің 3-сынып оқушысы Шингажинов Жан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналган "Менің Отаным -Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.Жетекшісі: Ибраева Камиля Рамазановна
