Сенім телефоны
8 7182 608350
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Все
Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
04-12-2019 12:15
Мектебіміздің оқушылары Асылханова Даяна, Савич Дарья 2004 жылы туылған және одан кіші қыздар арасындағы республикалық жарысқа "Ертіс" баскетбол клубының құрамасымен қатысты."Ертіс" баскетбол клубы 3- орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
6г сынып оқушылары сыныптастарының туған күндерін атап өтуде
6г сынып оқушылары сыныптастарының туған күндерін атап өтуде
04-12-2019 12:10
6г сынып оқушылары сыныптастарының туған күндерін атап өтуде. Қараша айының соңында күзде туғандарды құттықтады. Уақытты көңілді өткізіп, бір-біріне жылы сәттер сыйлады.
6г сыныбы мұз шоуында болды
6г сыныбы мұз шоуында болды
04-12-2019 12:07
Қыс - керемет кезең. Бұл - қармен ойнау, шаңғымен сырғанау, сонымен қатар бұл - конькимен сырғанау. 6г сыныбы мұз шоуында болды. Қатысушылардың ұсынылған нөмірлері қызықты болды. Өзіміздің конькимен сырғанауға ниетіміз пайда болды.
Шахматтан жарыс
Шахматтан жарыс
03-12-2019 10:13
29-қараша 21 ЖОМ-де шахматты бастаушылар арасында жарыс өткізілді.
Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
03-12-2019 10:08
Мектебіміздің мұғалімдері Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған Павлодар қаласы мектептері арасында өткен қалалық волейбол жарысынан 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
Ашық сабақ
Ашық сабақ
03-12-2019 10:05
№21 ЖОМ бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2А сыныбында Қазақ тілі пәнінен "Хабарлы сөйлем" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалімі Солтангазинова Д.С. Оқушылар топпен, жұппен, жеке берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жұмыстарын бағалады.
Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!!
Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!!
03-12-2019 10:01
    Мектебіміздің оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған 2007 жылы туылғандар мен одан кішілер арасында өткен қалалық баскетболдан 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!...
"Заманауи сабақ. Елбасының лидерлік сабағы"
29-11-2019 15:33
29.11.2019 жылы "#21 ЖОМ"ММ-де Бірыңғай Республикалық сабақ "Заманауи сабақ. Елбасының лидерлік сабағы" өтті. Бірыңғай сабаққа қалалық мәжіліс депутаты М.И.Желнов қатысты.
Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
29-11-2019 15:28
Мектебіміздің оқушысы Балкоева Милана "Қазақстанның Раушандары" Халықаралық сайысынан 1- орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
"Жас ұлан", "Жас қыран"
28-11-2019 20:13
Бүгін "#21 ЖОМ" ММ-де Тұңғыш Президент күнін тойлау қарсаңына орай "Жас ұлан", "Жас қыран" ББЖҰ-ы қатарына қабылдау салтанаты өтті.
4
4 "В" сынып
28-11-2019 20:11
4 "В"сыныптың "Желпілдек" тобы "Айналайын" ӘБ он күндігі аясында өткен "Жалпы барлығы туралы" сайысынан 1-орын алды.
1
1 "Л"сыныбы
28-11-2019 20:08
Міне, мен де өзімнің 1 "Л"сыныбымдағы 6-жастағы керемет оқушыларыммен алғашқы ашық сабағымды өткіздім. Балалар сабақта математикадан "Қосудың ауыстырымдылық қасиеті" тақырыбынан білімдерін көрсетті. Өзімнің кішкентай бірақ ұйымшыл, тәртіпті, білім алуға деген ынтасы бар оқушыларыма алғыс білдіргім келеді. Менің бірінші сынып оқушыларым, сәттілік және жеңіс тілеймін!
2
2 "Ж" сыныбы
28-11-2019 20:04
Бүгін 2 "Ж" сыныбында математика пәнінен Есептер шығару тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар қазына іздеу саяхатына шықты.Сабақта белсенді әдістер қолданылды.Балалар топта,жұпта,жеке-дара да жұмыс жасады.Барлық тапсырмалар логикалық ойлауды дамытуды көздеді.Сараланған тәсілді қолдану оқушылардың сабақтағы мақсатқа жетуіне көмектесті.Балалардың еңбегі ақталды!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
28-11-2019 20:02
#21ЖОМ-нің 5-сынып оқушысы Алихан Серік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.
Құттықтаймыз! Жарайсың!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
28-11-2019 20:00
#21 ЖОМ -нің 3-сынып оқушысы Шингажинов Жан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналган "Менің Отаным -Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.Жетекшісі: Ибраева Камиля Рамазановна
Құттықтаймыз! Жарайсың!
Құттықтаймыз! Жарайсың!
28-11-2019 19:58
#21 ЖОМ-нің 3-сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы Күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды. Жетекшісі Ибраева Камиля Рамазановна
Мәнерлеп оқу сайысы
Мәнерлеп оқу сайысы
28-11-2019 19:55
2019 жылы 27 қараша күні бастауыш сынып он күндігі аясында #21 мектептің 1-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар Қазақстан ақындарының Отан туралы шығармаларын шабытпен оқыды.
"Достықты сақтау"
27-11-2019 14:36
2 "Д" сыныбында "Достықты сақтау" тренинг сабағы өтті.Балалар достасу ағашын өсірді,ребус шешті, қазақ және орыс тілдерінде достар туралы мақал-мәтел құрастырды.
Кездесу
Кездесу
27-11-2019 14:32
21 ЖОМ-нің 11-сынып оқушылары Павлодар қаласының полиция басқармасы ұйымдастыруымен Естай атындағы ҚМҮ-де өткен кәсіптік бағдарлауға қатысты. Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына үміткеплерді сапалы іріктеу шарттарымен түлектерді таныстыру.
"Барлық мамандық керек, барлық мамандық маңызды"
27-11-2019 14:29
Бастауыш сыныптардың әдістемелік апталығы кезінде 1 "Д" сыныбында "Туған жер" бағдарламасы аясы бойынша "Барлық мамандық керек, барлық мамандық маңызды" тақырыбында сынып сағаты өтті.