Көркем еңбек - қызықты. 4 «Б» сынып оқушыларының жұмыстары. Тақырып «Табиғи құбылыстар».
Шаңғы жарысы бойынша мұғалімдер арасындағы 51-ші қалалық спартакиадаға дайындық аясында "Ертіс" шаңғы базасында 19.02.2022 ж. № 34 ЖОББМ командасының жаттығуы өтті.
17.02.2022 ж. мектеп оқушыларының қалалық спартакиадасына дайындық аясында № 34 және № 2 мектептердің қыздар мен ұлдар командалары арасында волейболдан жолдастық ойындар өтті.
2"Д" сынып оқушысы Одарчук София Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған Республикалық "Дариға жүрек..." атты байқауында «Бейнелеу өнер» аталымы бойынша І орын, «Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз! Өнері өркендей берсін!!!
2 «А» сынып оқушылары "Кітаптарды махаббатпен сыйла" акциясына белсенді қатысады.
«Дүниетану» пәні бойынша ӘЖТ-ның оқушылары үшін «Табиғатты қорғаңыздар» атты жобаларды қорғау күні өтті.
Жетекші: Шавенкова Н.П.
4 «А» сыныбында Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай жалпыға ортақ Ашық диктант өткізілді
Жыл сайын "Кітаптарды махаббатпен сыйла" акциясына 3 "Г" сынып оқушылары белсене қатысады. Игілікті істен тыс қалмағандары үшін балалар мен ата-аналарына алғыс айтамыз!
Мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 5-6 сынып оқушылары арасында "Тіл тағдыры - ел тағдыры" атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті.
«Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 ЖОББМ» КММ-де Орталық полиция басқармасының полиция бөлімі Ювеналды полиция бас басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Т. Ушакбаева 5-7 сыныптар арасында: «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі», «Темекі бұйымдарын, электронды темекілерді шегу», «ЖҚЕ алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізілді.
Жаратылыстану сабақтары аясында ӘЖТ-ның оқушылары үшін «Электр қуатының артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында ұйымдастырушылық ойын өткізілді.
Жетекшісі: Шавенкова Н.П.
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Павлодар қаласы №34 жалпы орта білім беретін инновациялық мектебінде "Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара ө...
2 "Б"сыныбында "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында "Махаббат жолындағы өмір" тақырыбында сынып сағаты өтті
9 сыныптар аралығында “Балалардың құқықтары мен міндеттері" деген тақырыпта дебаттық турнир өтті. Турнирге оқушылар шешендік шеберлікпен жарысты.
34 ЖОББМ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен өзін-өзі тану онкүндігі аясында «Менің жан дүниемдегі кітап» атты әдеби кеш өтті. Кеште қатысушылар өздерінің атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.
СӨС насихаттау аясында мектеп оқушылары үшін психолог-нарколог А.А. Куликовамен кәмелетке толмағандар арасында темекі шегудің және электрондық темекі тұтынудың алдын алу тақырыбында кездесу өткізілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту аясында 5-6 сынып оқушылары үшін волейболдан шағын турнир өткізілді.
"Дүниетану" пәнін оқыту аясында РВГ оқушылары үшін "Жасанды ортадағы қауіп-қатер" тақырыбында ашық сабақ өткізілді, сабақ барысында балалар 3D-проспект жобасын құрумен айналысты.
Басшы: Шавенкова Н.П.
