Балабақшада «музыкалық қонақжайында» кезекті сабақ өтті.
Бүгін балабақшада «музыкалық қонақжайында» кезекті сабақ өтті. Сабақты №3 БММ фортепиано бөлімінің меңгерушісі – Костенко Л. В. жүргізді.
Мектепалды тобының балалары сиқырлы музыка әлеміне жан – тәнімен батты.
№3 БММ жас музыканттары әртүрлі музыкалық шығармаларды орындады. Балалар скрипканың, виолончельдің, гитараның, аккардионның, фортепиананың үнін қызыға тыңдады. Осы мектепке баратын дайындық «А» тобының тәрбиеленушілері Денисюк Ильямен Гончаренко Матвейдің фортепианода ойнауларын балалар эмоциялы әсермен қабылдады. Кездесуді «Әрқашан күн сөнбесін» әнін қазақ және орыс тілінде балалармен бірігіп орындаумен аяқтады.