Жаңашылдықтан инновацияға қарай
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ
«Балалардың зияткерлік дарындылығын анықтау мен дамыту жүйесін құру» жобасы
Мақсаты:Білім беру процесінде дамыту ортасын құру негізінде білім сапасын басқару моделін құру.
Міндеттері:
- білім беру жүйелерін басқарудың концептуалдық тәсілдерін жасап шығару;
- балалардың зияткерлік дарындылығын дамытуға септесетін орта факторларын анықтау;
- білім беру процесін жүзеге асыру мақсатында дамыта оқыту бағдарламаларының топтамасын жасау;
-жеке тұлғаның шығармашылық потенциалын орталық жағдайында дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстарды жасау.
"Мектеп жасына дейінгі баланың зияткерік мәдениетін қалыптастыру» бағдарламасының жобасы
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі баланы білікті тұлға ретінде дамыту қарапайым зияткерлік біліктерін қалыптастыру. формировать элементарные интеллектуальные умения как условие развития компетентностной личности дошкольника.
Міндеттері:
- Өздігінен даму әдіс- тәсілдерін және зияткерлік біліктерді меңгеру арқылы өздігінен дамудың саналы субъектісі қалыптасуының алғышарттарын жасау;
- зияткерлік мәдениетін жалпы адам мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қалыптастыру;
- біліктліктерді нәтижелі коммуникациялық формаларында дамыту;
- сезу, қабылдау, ойлау, еске сақтау, қиял, зейін сияқты танымдық процестер жүйесін белсенді жетілдіру. я.
«Балалар тәжірибесі» бағдарламасының жобасы
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың тәжірибе жасаудың негіздерін қалыптастыруға септесетін педагогикалық жағдайларды анықтау. Білім беру моделін құру.
Міндеттері:
- балалардың тәжірибе жасаудың мәнін ашу, мектеп жасына дейінгі балалармен орындалатын балалар тәжірибесінің критерийлері мен көрсеткіштерін жасау;
- балалардың бойында тәжірибе жасаудың негіздерін қалыптастырудың проблемалары мен тенденцияларын анықтау;
- болжамда берілген педагогикалық жағдайларды апробациядан өткізу тәжірибесінің бағдарламасын жасау;
- балалар тәжірибесінің ғылыми -әдістемелік материалдарын даярлау.
« Баланың рухани -адамгершілік тәрбиесінің, эмоционалдық даму мен өздігінен дамуы» бағдарламасының жобасы.
Мақсаты:Баланың рухани -адамгершілік және жеке қасиеттерін бала дамуының негізгі факторлары ретінде қалыптастыру.
Міндттері:
- айналадағы адамдарға деген махаббат, мейірімділік, шыдамдылық, аяушылық сезімін тәрбиелеп дамыту;
- бір- біріне сыйластықпен қарау, қарым -қатынас әдебіне тәрбиелеу;
- қоғамдағы тәртіп пен әдептерді жалпыадамзат құндылықтарға сәйкес тәрбиелеу;
- өз қылықтарына жауапкершілікпен қарау түсінігін дамытудығы тәрбиелеу ;
- жалпыадамзат, рухани құндылықтар туралы білім алу ;
- әр -түрлі жағдайлар арасынан рухани санасы жоғары тұлға ретінде таңдау жасау дағдысын меңгеру;
- арнайы жағдайлар көмегімен білім мен дағдыларды меңгеру;
- эмоционалдық тұрғыдан дамыту (жеке тұлғаның рухани – адамгершілік қасиеттеріне қатысты эмоцияларды, өздігінен реттеу);
- ерік, шыдамдылық, еңбекқорлықты дамыту;
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін (қиял, елестету, ойлау) дамыту.
«Мектепалды оқытудан мектептегі оқытуға көшу» жобасының бағдарламасы
Мақсаты:білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, біртұтас оқу- тәрбие кешенін құру.
Міндеттері:
- ортақ іс- әрекетті жүзеге асырудың создание нормативтік құжаттарын жасау;
- әр -түрлі жастағы балалар мен олардың отбасыларына арналған ашық білім кеңістіктерін ұйымдастыру;
- бұл жобаны іске асыру мақсатында білікті мамандарды даярлау арқылы білім беру мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ету;
- жобаның белгілі бір мақсаты бойынша ата- аналарды оқыту жүйесін құйымдастыру;
- әр- түрлі жастағы балаларға арналған оқу- тәрбие және білім беру бағдарламаларын құрастыру;
- бұл бағдарламаларды мектеп пен мектепалды білім беру мекемелерінде енгізу;
- ғылыми- зерттеу жұмысының жүргізілуі.
« Орталық ата- аналарымен қоса желілі білім беру кеңістігін құру» бағдарламасының жобасы.
Мақсаты:балабақша -отбасы атты біртұтас білім кеңістігін құру
Міндеттері:
- ата- аналардың психологиялық -педагогикалық мәдениетін көтеру;
- ата- аналарға мектеп жасына дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер жөнінде ақпарат беру.
- ата -аналармен белсенді жұмыс жасау арқылы оларды балабақша өміріне қатыстыру;
- даму орталығын құру;
-ең үздік отбасы тәжірибесін зерттеп жалпылау.