12 жылдық білім беру жүйесінде «білікті адам» концепциясы кеңінен етек алды. Осыған байланысты №96 сәбилер бақшасы –«Радуга» үйлесімді даму орталығының білім беру жүйесі адамға өмір бойы біліктілікті дамытуда қажетті әрекеттің тәсілдерін қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып түрлендіргіштік, бейімделгіштік икемділік сипатына ие болды.
Орталықта сауат ашу, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балалардың бойында зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді дамыту бойынша дамыту бағдарламалары, қазақ пен ағылшын тілдері, музыка мен хореография балаларды мектепке даярлауда білікті тәсілді жүзеге асыратын тағы бірқатар курстар бойынша авторлық бағдарламалар құрастырылған.
Орталықта оқу- материалдық базасы ең жоғарғы көрсеткіштерге сәйкес келеді, мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, бассейн, сауна, фитобар, физиокабинеттен тұратын сауықтыру кешені, спорттық –хореографиялық, ән –күй залдары, қазақ пен ағылшын кабинеттері, изостудия бар. Топ бөлмелері заманауи модульдық жиһазбен және дамыту ойын материалдарымен жабдықталған.
Орталық миссиясы: бала тұлғасының толық жан -жақты дамуын, өз өмірінің және әр-түрлі іс- әрекеттердің субъектісі ретінде тұлға болып үйлесімді даму концепциясын жүзеге асыруға жағдайлар жасау.
Орталықтың педагогикалық салада инновациялық іс –әрекетінің негізгі бағыттары: 12 жылдық білім беру Концепциясының методологиялық, философиялық, теориялық негіздерін меңгеру, баланың зияткерлік, рухани –адамгершілік, эмоционалдық дамуын қалыптастыратын дамыту бағдарламаларын, семинарларды жасап шығару, балаларды дені сау өмір салтына баулу, дене тәрбиесі мен валеологиялық сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, оқу іс- әрекеті компоненттерінің қалыптасқандығының мониторингін жүргізу.
Психологиялық салада: баланың өздігінен дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.
Әлеуметтік салада: баланың рухани және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру, білім беру орталығының кең әлеуметтік ортамен белсенді әрекеттесуі.
Басқару саласында: білім орталығының ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүргізілуі, педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс- әрекет тәсілдерін меңгеруі, орталықтың нәтижелілігін арттыру мақсатында қаржылық, кадрлық және ұйымдастыру алғышарттарын жасау. Орталық түлектері Павлодар қаласының лицей мен гимназияларына, инновациялық үлгідегі мектептерге сәтті түсіп оқуда. Олардың бойында ойлау, елестету, еске сақтау, ерік, зейін, адамгершілік қасиеттер , ересектер мен өзімен жастас балалармен қарым –қатынасқа түсу тілегі жақсы дамыған.
Орталық тұжырымдамасының идеялық бағыттылығы
Орталықтың басты идеялары:
- балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ерте анықтау және дамыту, ойын, көркемсурет, қоғамдық-ұйымдық және өзге де қызмет түрлері арқылы балалардың психикалық қабілеттерін дамыту идеясы;
- баланың, педагогтың, ата-аналардың бірлескен қайта жасау қызметі идеясы;
- бала мен оның отбасының сұраныстарын есепке ала отырып, жалпы адами құндылықтар, ашықтық, ізгілік, демократизм идеясы.
Орталықтың перспективті бағыттары:
- Орталықта балалардың мектепте табысты оқуының негізі ретінде олардың толыққанды дене және психикалық дамуы үшін тең дәрежелі бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, әр баланың сапалы әрі қолжетімді білім алу құқығын іске асыратын құзыретті білім беру жүйесін құру;
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім берудің жаңа технологияларын меңгеру және енгізу, қызметтің алуан түрінде баланың өз әлеуетін іске асыруға ықпал ететін Орталықтың дамытушы білім беру ортасын жаңарту;
- білім беру үрдісінде негізгі құзыреттерді қалыптастыру үшін оқу құралдарын қолдану тиімділігін арттыру;
- білім беру салаларында баланы дамытудың психикалық процестері мен құзыреттілік деңгейін мониторингтік зерттеу жүйесін жетілдіру;
- дені сау баланы қалыптастыру негізі ретінде денсаулық сақтау кеңістігін құру;
- балалардың тілдік дайындығын (мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдері) қамтамасыз ету;
- мектепте оқуға дайын болуды қалыптастыру;
- «Орталық – отбасы» бірыңғай білім беру кеңістігін құру;
- Орталықтың басқа әлеуметтік институттармен ынтымақтастығын кеңейту;
- материалдық-техникалық базаны және бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру.
- Орталық табыстылығының көрсеткіштері Заманауи материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік база:
- Кабинеттік жүйе (қазақ және ағылшын тілдері, бейнелеу қызметі, логопед, психолог, әлеуметтік педагог)
- Әдістемелік кабинет (ғылыми-әдістемелік, ғылыми-танымдық, жазғызып алынатын, балалар көркем әдебиеті бар кітапхана, фонотека, ОТҚ және компьютерлік техника)
- Мектепке дейінгі тәрбиенің вариациялық, авторлық бағдарламалары;
- Дене шынықтыру – сауықтыру және медициналық орталық;
- Мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа талаптарына сәйкес келетін дамытушы орта құрылған.