Айлық барысында еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. Оларға арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды, балалардың әр шығуларын зейнеткерлер ерекше ынтамен қарсы алды. Балабақша тәрбиеленушілері қазақ және орыс тілдерінде ән шырқады. Ересек және мектепалды жастағы балалардың би топтарының орындауындағы «Домбыра» биі, «Черевички» украин биі және «Ладошки» билері қонақтарды ерекше қуанышқа бөледі. Кузьмичева Эляның орындауындағы «Менің әжем» атты өлеңі залдағы қонақтардың ешқайсысын ықылассыз қалдырмады, өйткені олар Элямен бірге тарихи саяхатқа шыққандай болды. Мереке осымен аяқталмай, дастархан басында жұпар аңқыған шай іше отырып, өздерінің бірге өткізген еңбек жылдарының қызықты сәттерін еске алды. Кездесу соңында оларға сыйлықтар берілді.
Орталықта педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.