Ғылыми жобаның тұсаукесері
«Радуга» үйлесімді даму орталығының дайындық «А» тобында ғылыми жобалардың нәтижесі шығып аяқталды.
Ғылыми жобалардың жетекшілері, даярлық «А» топтың тәрбиешілері Антоненко И.В., Афанасьева Ю.В. олар балалармен және ата-аналармен бірігіп, «Кіші Академияның»әр түрлі тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді.
Балалар ата аналармен бірігіп, жобаның тақырыбын анықтап, педагогтардың кеңесін алып, жазылған кезеңдері мен эксперимент жасау ережесін сақтап, зерттеу жұмысына белсене кірісті. Кіші ғылыми – тәжірибелік конференциясы жоба жұмысының қорытындылау кезеңі болып табылады. Конференцияда балалар ата-аналарымен бірігіп, өздерінің жобаларының тұсаукесерін өткізді. Нәтижелері жас зерттеушілердің «ғылыми баяндамаларында» айқын көрсетілген.
Осы бағыттағы жұмыс балаларда танымдық себептерін, зерттеушілік іскерлігін, балалар үшін жаңа субъективті жұмыс әдістерін жетілдіруіне себепкер болады.
Қатысушылар дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.