Спорт -біздің жақын досымыз.
Орталығымыздың басты міндеттерінің бірі бұл мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту, олардың психикалық пен эмоционалдық саулығын қамтамасыз ету. Жарыстар - балаларды спортқа жақындатудың ең тиімді амалы. Қысқы демалыс аясында біз «Қысқы спартакиада» өткізуді жөн көрдік. Жарыс кезінде балалар шаңғыны да шананы да қызыға тепті. Жарыстар балалардың физикалық дамуын көрсетіп қана қоймай, бір топтағы жолдастарын қолдап, қуаныш пен күйзелісте ортақтаса алушылығын көрсетті.