Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
32-30-51
email: raduga96pvl@mail.ru
Адрес: Лермонтов к-сі, 97
32-73-06.32-33-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
часы работы: с 9.00 до 18.00, перерыв на обед: с 13.00 до 14.00 прием граждан: среда - с 16.00 до 19.00, пятница -с 8.00 до 11.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мың бала»
30-10-2015 03:24
«Мың бала»
[caption id="attachment_385" align="alignnone" width="4608"] «Мың бала»[/caption] 29.10.2015 «Радуга» үйлесімді даму орталығында өзге ұлт өкілдерінің мектеп алды жастағы балалары арасында республикалық «Мың бала» жобасының іріктеу кезеңі өтті. Конкурстың ұйымдастырушылары – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Орталықтың даярлық топтарының тәрбиеленушілері: Сподаренко Олеся, Кравчук Игорь, Фредина Ангелина, Манин Дима, Предеха София, Коноваленко Лера, Меньшикова Маргарита, Устименко Настя, Пурышев Матвей, Гончаренко Даша қазақ тілінен өз білімдерін көрсетті. Балалар Отан және балалық шақ туралы өлең оқыды, ән айтты, сонымен қатар олар қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті. Қазылар алқасын балалардың тілдік даму деңгейі, төл дыбыстарды дұрыс айтулары, әртістік және шығармашылық қабілеттері қайран қалдырды. Қазылар алқасының төрайымы Байсарина Тулеукор Нуркеновна балалардың жоғары деңгейде дайындалғандарын, педагогикалық ұжымның, балалар мен олардың ата-аналарының ынтымағын атап өтті. Қазақ халқының мәдениетін құрметтегендері үшін, ұлы Абайдың тілін насихаттап, білуге ниет білдіргендері үшін қазақ тілінің мұғалімі Хамитова Альмира Ержановна мен әр қатысушыға алғыс және жақсы тілектер айтылды. Олардың әрқайсысы жеңімпаз дипломының иегері болуға лайықты, бірақ конкурстың аты конкурс. Іріктеу кезеңін Кравчук Игорь жеңіп алды, ол енді Орталықтың атынан облыстық деңгейде өнер көрсететін болады. Барлық қатысушылар мен көрермендер мейірімділігі, жан жылулығы, бәсекелестік емес, тілектестік жағдайын туғыза білгендігі үшін Тулеукор Нуркеновнаға алғыс білдірді. Қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді, сондай-ақ балаларды жоғары деңгейде дайындағандары үшін қазақ тілінің оқытушысы А.Е. Хамитова мен музыкалық жетекші С.А. Тютюник те сертификаттармен марапатталды.