Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі мақсаттардың бірі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясыны сәйкес халықтың салт-дәстүрлеріне негізделген құндылықты, адамгершілік бағдарларды қалыптастыру болып табылады.
2017 жылғы 13 наурызда «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді даму орталығы» МҚКК «Қош келдің, қызғалдақты Наурызым!» онкүндігі басталды. Әр күн ұлттық мәдениеттің бір аспектісіне арналған: бұл – «Қазақстан халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Ұлттық ойындар», қазақ фольклорының фестивалі, «Шай мерекесі», «Ұлттық тағамдар». Сонымен қатар Орталықтың тәрбиеленушілері «Қара жорға» биін орындауға қатысты.
Мерекелік іс-шараларды өткізуге ата-аналар да белсенді қатысты: олар балалармен бірге дәстүрлі ұлттық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі ұлттық салт-дәстүрлермен танысты. Балабақша мен отбасының өзара әрекеттесуінің арқасында мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының ұлттық сана-сезімі қалыптасады.