Сенім телефоны
32-30-51
email: raduga96pvl@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов к-сі, 97
32-73-06.32-33-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
часы работы: с 9.00 до 18.00, перерыв на обед: с 13.00 до 14.00 прием граждан: среда - с 16.00 до 19.00, пятница -с 8.00 до 11.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепке дейінгі білімберуде 4К модельге бағдарланған білім беру үдерісін жетілдіру
17-04-2020 12:58
Мектепке дейінгі білімберуде 4К модельге бағдарланған білім беру үдерісін жетілдіру

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жас әдіскер мектебінің сабағында 2020 жылғы 15 сәуірде онлайн режимінде «Мектепке дейінгі білім беруде 4К модельге бағдарланған білім беру үдерісін жетілдіру» атты семинар-практикум өтті. Мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу, педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Семинарға қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 18-ден астам жас әдіскерлеріқатысты. Модератор Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева.

   Сабақта «Радуга» гармониялық даму орталығының №96 сәбилер бақшасының әдіскері Н. А. Бессонова 4К моделі арқылы мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастырудың теориялық және технологиялық аспектілерін, 4-өлшемдік білім беруге көшу процесін жүзеге асыруға көмектесетін қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен іс-әрекет формаларын ұсынды.

   Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар «диалог алаңында» мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік, креативті, командалық және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыратын кіріктірілген тәсілдерді қарастырды, бұл олардың әлеуметтік құзыреттілігінің барлық компоненттерінің көріністерінен көрінеді.

 «Кері байланыс» мақсатында қатысушыларға келесі сабаққа «4К моделіндегі белсенді оқыту стратегиялары» тақырыбына кластерді өз бетінше құрастыру үшін тапсырма берілді.