Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Мектеп жанындағы онлайн лагердегі балалардың бос уақыты
20-08-2020 10:53
Мектеп жанындағы онлайн лагердегі балалардың бос уақыты

     Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің "Артлайф" жазғы жобасы аясында "Шағармашылық әлемі" мектеп жанындағы онлайн лагері жаз бойы өз жұмысын жүргізіп келді. Карантин басталғаннан бері балалар "Zoom"бағдарламасы арқылы онлайн режимде білімдерін жалғастырды. Мақсаты-жаз мезгілінде көркем шығармашылықпен айналысу, дарынды балалардың қабілеттерін дамыту.

    Мектеп ұстаздарыДария Карангуровна Батмаева, Лариса Борисовна Илларионова, Инна Владиславовна Масленникова 4-12 жас аралығындағы балаларға сурет салу, пластилиннен және түрлі - түсті саздан мүсіндеу, импровизацияланған және тастанды материалдан түрлі бұйымдар жасау дағдыларын үйретті. Балалар бос уақыттарын үлкен ықыласпен пайдалы және сүйікті істеріне арнады. Осы уақыт ішінде қатысушылар жануарларды гуашь бояуының түрлі түстерімен көркем бейнелеуді үйренді. Шілде айында осы суреттердің 30-дан астамы Алматы қаласына "Жануарлар - біздің достарымыз" атты республикалық байқауына жіберілді, енді балалар байқау қорытындысы бойынша өз шығармашылығының нәтижелерін тағатсыздана күтуде. 8 жастағы Алиса Егер "Қоңыр аюлар" суретін, Тоғжан Нуркина, 9 жаста - "Менің сүйікті мысығым" суретін, ал 10 жастағы Дияр Ботабай "Түнгі үкі"суретін ұсынды. Балалар пластилиннен және саздан дастархан жайып, қонақтарға жеміс-жидектер, бәліштер мен бауырсақтар сыйлады. "Қатысушылар мүсіндеп, сурет салып қана қоймай, еңбек дағдыларына ие болады, моторика мен эстетикалық талғамды дамытады, сонымен қатар ойын арқылы отбасы, өмір, қоршаған әлем, айналамызды қалай күту керектігі туралы білім алады", - дейді олардың мұғалімдері. Жазғы лагерь кезеңінде 120-дан астам бала қамтылды.

    Осы жоба шеңберінде маусым айында жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін қашықтықтан 100-ден астам оқушы қатысқан экологиялық қолөнер сайысы өткізілді.