Мастер-класс: Алғашқы көмек
Денсаулық сақтау және медицина айлығы шеңберінде ОӨК-да 9-11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалының өкілдерімен кездесті. Жоғары сынып оқушылары қоғам қызметінің мазмұнымен танысты және күтпеген жағдайға тап болған кезде қалай әрекет ету керектігі жөнінде практикалық дағдылар алды. Волонтер-нұсқаушылар алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді:
- адамды қалпына келтіру жағдайы
- жүрек-өкпе реанимациясы
- тыныс алу жолдарының тарылуы
- қысымды таңуәдісі
- бөтен зат.