ОӨК-ның қатысушыларына денсаулық сақтау және медицина айы аясында экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында 43, 5, 11 ЖББОМ - дің 9-11 сынып оқушыларына оқытушы Шынар Жеңісқызы Күлбекова колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үрдісі, өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар туралы айтып, сонымен қатар әр түрлі бағыттар бойынша оқу және тәжірибелік аудиторияларды аралатып: педиатрия, акушерлік және гинекологиялық, хирургия және реанимациялық, сондай-ақ процедуралық аудиториялармен таныстырды.
Оқушыларға экскурсия өте қатты ұнады, олар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып оқытушылармен белсенді әңгіме жүргізді. Кейбіреулер жеке ниет білдіріп мулляждарға (фантомдарға), медициналық құрал - жабдықтарға қол тигізіп, сонымен қатар заманнауи құрал - жабдықтар мен техникалық оқу құралдарын жақыннан көре алды. Қатысушылардың кейбіреулері болашақта осы колледжге түсуді жоспарлап отыр, сондықтан да олар нақты дайындалған сұрақтармен келді.
Экскурсия соңында колледж мамандықтары туралы бейнеролик көрсетіліп, викториналық-ойын өткізілді, оның барысында оқушылар білімдерін сынап, тәтті сыйлықтарға ие болды.