«Графикалық дизайн» профилінің апталығы
«Графикалық дизайн» профилі апталығы аясында кітапханада үзіліс кезінде басқа профиль оқушыларымен келесі іс-шаралар өткізілді: «Кім көп?» шағын сайысы, «Кім жылдам?» миға шабуыл, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ шешу. Инстаграм желісінде профильден викторина жарияланды.
Байқаулардың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендіру, кәсіби білімдерін насихаттау, кәсіби дағдыларын дамыту, компьютерлік графика саласына қызығушылықтарын арттыру.
Профиль оқушылары «Баспахана» ЖШС-не бару мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ фойеде Павлодар қаласының әр түрлі мектептерінің оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылардың Word мәтіндік процессорында жасалған суреттері көрсетілді.