Тігін шеберханасы
ОӨК-дағы жазғы бейіндік мектеп аясында маусым айының екінші жексенбісінде Қазақстанда атап өтілетін кәсіби мереке - өнеркәсіп қызметкерлері күні қарсаңында қыздар өздерін тігін ісінің шебері ретінде сынап көрді. "Тігін шеберханасының" оқушылары тігін лайфхактарымен танысты, қол және машина тігістерін, кесінділерді өңдеу тәсілдерін игерді, электр тігін машинасында жұмыс істеудің негізгі дағдыларына үйренді. Жас шеберлер мастер-класс барысында сәндік жастыққа арналған қапты өз бетінше жасады. Алынған дағдылар, әрине, үйде жайлылық жасау үшін пайдалы болады.