«Павлодар Педагогикалық Университетіне экскурсия»
Экскурсия болашақта педагогикалық мамандықты таңдауды жоспарлап отырған 11 сынып оқушылары үшін білім беру саласы мамандықтарының айлығы шеңберінде ұйымдастырылды. Экскурсия Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлнар Манапқызы Мұсанованың кіріспе сөзінен басталды. Гүлнар Манапқызы ПМПУ облыстың ең сұранысқа ие жоғары оқу орындарының бірі болып табылатынын, мұнда студенттер үшін барлық оқу жағдайлары, соның ішінде заманауи жабдықталған оқу кабинеттері, кітапхана, спорт кешені, қолжетімді интернет желісі, жатақхана жасалғанын атап өтті.
Гүлнара Манапқызы өз сөзінде балаларды оқуға түсу үшін қажетті құжаттармен, оларды тапсыру мерзімдерімен таныстырды, оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау, мамандықтар бойынша білім беру гранттарын бөлу ерекшеліктері туралы айтып берді.
Экскурсия Педагогикалық шеберлік кабинетінде жалғасын тапты.
Келесі жоспар бойынша химияны оқыту әдістемесі кабинетіне барып, оқушыларға Химия және География пәнінің жетекшісі, х.ғ. к. Павлодар педагогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті Роза Жұмкенқызы Мұқанова университеттің зертханаларына экскурсия жүргізді.
Экскурсияның соңғы кезеңі оның талқылауы болды, оның барысында балалар оқуға түсу туралы сұрақтарға жауап ала алды.
Іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып мамандық пен жоғары оқу орнын дұрыс таңдау туралы ойлануға ынталандырды.