СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЭКСКУРСИЯ
«Бейіндер апталығы» мен бизнес, басқару, құқық және қауіпсіздік саласындағы мамандықтардың айлығы шеңберінде ОӨК - да «Жаһандық құзыреттер» пәнін оқитын оқушылары үшін «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Павлодар облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті» РММ-не экскурсия ұйымдастырылды.
Бюро басшылары мен мамандары өз уақыттарын бөліп, статистикалық қызмет жұмысының құрылымы мен бағыттары туралы мазмұнды белсенді әңгіме өткізді: халықтың ресми статистикаға деген сұранысын қолдау, статистикалық қызметін белгіленген талаптарға сәйкес жүргізу, мемлекеттік статистиканың принциптері туралы. Оқушылардың ерекше қызығушылығы мен сұрақтары «Баға статистикасымен» танысу және үй шаруашылығын зерттеу жұмыстарына қатысты болды.
Шағын бизнес ойыны және баспа басылымдары түріндегі үлестірмелі материалдар, ұжымның белсенді спорттық және мәдени өмірі туралы әңгімесі, 19 жасында мемлекеттік қызметші мәртебесін алған бюроның ең жас қызметкерінің кәсіби үлгісі де жағымды тосынсый болды!
Экскурсия барысында Павлодар облысының кәсіпкерлері есептерді тапсырып, консультациялық көмек алатын «бір терезе қызметімен» танысуға мүмкіндік туды. Экскурсия статистикалық қызмет сайтының жаңа кеңейтілген нұсқасының тұсаукесерімен және естелік фотосессиямен аяқталды.