БИЗНЕС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: БАҒА БЕЛГІЛЕУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Оқушылар өзіндік құнын, әртүрлі сатып алушылар (мақсатты аудиториялар) үшін құндылықты және бәсекелестердің әрекеттерін ескере отырып, бағаның қалыптасу ерекшеліктерін тәжірибеде ойын түрінде бекітті. Үш раунд ішінде командалар үш түрлі адамға тауарды (шарикті қалам) ұсыну бойынша жарысты. Нәтижелер шындықтағыдай: соңғы сөзді сатып алушы айтады!