Конкурс "Болашак маман" на профиле Менеджер по маркетингу
Оқу-өндірістік комбинатында “Маркетинг бойынша менеджер» профилінде қала мектептерінің 9 -10 сыныптар арасында «Болашақ маман» қалалық байқауы өтті. Байқау пән мұғалімі Шакаманова Мадина Дарошқызының ұйымдастыруымен өтті. Оқушылардың жұмыстарын білікті қазылар алқасы: жеке кәсіпкер Айгуль Хамитқызы Сейтахметова, «Менеджмент» пәнінің мұғалімі Наталия Викторовна Моисеенко, Гульдана Ахтанқызы Сыздыкова ОӨК-ның маманы бағалады. Байқауды өткізудің мақсаты: аса маңызды салалардағы дербес зерттеулерге қолдау таныту, оқушылардың аналитикалық ойлауы мен зияткерлік қабілетін қалыптастыру болып табылады. Оқушылар әртүрлі тақырыпта: маркетингтегі инновация, Қазақстанның жаңа брендін зерттеу, экологиялық қауіп, жасыл технологиялар, әлеуметтік мәселелердіқарастырып, олардың шешімін іздеу, әртүрлі нарықты - мерекелерді шармен безендіру, онлайн дүкен желісінен бастап, банк нарығын зерттеу бойынша жарысқа түсті. Байқауға Павлодар қаласының Б. Момышұлы ЖОББМ, №41 ЖОББМ, М. Жүсіп ат. ЖООБМ, Қ. Бекхожин ат. ЖОББМ мектептерінің командалық оқушылары қатысты.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдауда мәселенің өзектілігі, құзыреттілігі, түсініктілігі критерийлерін басшылыққа алды.
Қазылар алқасының шешімімен байқау нәтижелері келесідей бөлінді:
1 орын Б.Момышұлы ЖОББМ, оның ішінде ерекше көзге түскендер:Баяубаева Асель 9б, Хасанова Айгерім 9г, Кабдулова Риза 9г, Халел Мерей 9б, Нұғыманов Шәкәрім 9 г сынып, 2 орын №41 ЖОББМ оқушылары: Рахимжанова Акнур, Тапкенова Сандира, Калдыбаева Амина, Муханов Ерали 10 а сынып, 3 орын Қ. Бекхожин ат. ЖОББМ оқушылары: Елеусизова Наргиза, Сериков Алихан, Жанабай Нұрбек, Тлегенова Аружан, Қайроллақызы Сәуле 9а сынып және креативтіліктері үшін М. Жүсіп ат. ЖООБМ оқушылары: Жақсыбаева Аяжан 10б, Сағадат Мөлдір 10а, Сердалина Нузар 10б, Конырбаева Жансая 10в, Бақыткереева Жания 10в сыныпмарапатталды. Сөз соңында Айгуль Хамитқызы кәсіпкер ретінде оқушылармен өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға маркетингте кездесетін жаңа тың идеялармен бөлісті.
Осындай байқауды өткізу барысында оқушылардың еркін сөйлеуі және жеке көзқарасты сауаттты әрі қисынды жеткізу білуі, бизнес жоспарды дұрыс құрып, дұрыс шешім шығара білуі және жарнаманы дұрыс құрастырып оны қолдану дағдылары бекітілді.