"Менің атым Жумажан Инкар, мен Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің түлегімін, қазір Қарағанды медициналық университетінің студентімін.
Мен Педиатрия факультетінде оқимын, себебі мен әрқашан балалармен жұмыс істеуге және олардың сау болуына қалай көмектесуге болатынына қызығушылық таныттым.
11-сыныпта біз ОӨК-на жазылдық, мен "Медицина" бейінін таңдадым. ОӨК-дағы сабақтар менің таңдауымда маңызды рөл атқарды. Курс барысында мен медицинаны тереңірек білуге мүмкіндік алдым: төтенше жағдайлар кезінде адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді, укол салуды үйрендім және дәрігерлердің жұмысымен таныстым. Бұл сабақтар маған шынымен де медицина қызықты екендігін түсінуге көмектесті. ОӨК-да алған тәжірибем осы салада оқуымды жалғастыруға деген құлшынысымды нығайтып, ақыры мамандық таңдауымды анықтады"
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ