2025 жылғы қыркүйек айында Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде ОӨК, №30 ЖОМ және сервис және тамақтану колледжі 8-9 сынып оқушыларына арналған «Аспаз. Кондитер» бірлескен жобасын бастады. Бірінші тоқсанда болашақ аспаздар колледж мұғалімі Виктория Владимировна Емельянованың жетекшілігімен оқу-өндірістік комбинатында мамандықтың негіздерімен танысты, ал 2 тоқсаннан бастап – өндірістік тәжірибеден өтуге кірісті!
Балалар заманауи құрал-жабдықтармен танысып қана қоймай, алғаш рет аспаздық өнерін сынап көріп, бірінші тағамын өздері дайындады!
Мұндай сабақтар колледжде айына екі рет өткізілетін болады, себебі тәжірибелік сабақтар оқушыларға теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, кәсіби өзін-өзі анықтаудағы алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік береді. Әрбір қадам - қарапайымнан күрделіге дейін болашақ мамандыққа деген сенімділікке апаратын жол.



