Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
22-00-97
Мекенжайы: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Кәсіби маманмен кездесу.
24-12-2025 12:07
Кәсіби маманмен кездесу.

17 желтоқсанда медициналық бейінінде оқитын №24 орта мектебінің 10-сынып оқушылары «Med You Face» клиникасының басшысы, сұлулық индустриясының кәсіби маманы Алена Юрьевна Мухановамен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Алена Юрьевна өз клиникасының 10 жылдық даму жолы туралы айтып, тері күтімі бойынша құнды кеңестерімен бөлісті. Оқушылар оның кәсіби жолы мектептен басталғаны туралы білуге қызығушылық танытты: Алена Юрьевна ОӨК-да оқып, өзінің алғашқы негізгі білімін алып, дағдыларға үйренді, бұл оның болашақ мансабының негізі болды.

Оныншы сынып оқушылары әңгімеге белсенді қатысып, маңызды сұрақтар қойды:
• Жас теріге қалай дұрыс күтім жасау керек?
• Безеулермен қалай тиімді күресуге болады?
• Танымал брендтердің косметикасы (мысалы, Mary Kay) жасөспірімдерге жарамды ма?
Кездесу жағымды сыйлықпен аяқталды: әр оқушыға бетке арналған кремі және клиниканың визиткасы табыс етілді.
Алена Юрьевнаға кәсіпқойлылығы мен қызықты әңгімесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!