Телефон доверия
22-00-97
Адрес: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Кәсіби маманмен кездесу.
25-12-2025 17:00
Кәсіби маманмен кездесу.

Біз кәсіби мамандармен кездесуді жалғастырамыз. 19 желтоқсанда ОӨК-да «медициналық» бейінінің оқушысы Адема Макишеваның (24 мектеп, 10г) әжесі Майкен Маскеновна Махметовамен кездесу өтті. Майкен Маскеновна-1-ші қалалық аурухананың травматология бөлімінде 46 жыл еңбек өтілі бар медбике.
Майкен Маскеновна 1979 жылы Семей медициналық училищесін бітіріп, кәсіби жолдың барлық кезеңдерін бір бөлімде өтті: пост қызметкері, ем жасайтын және аға медбике болып жұмыс істеді.
Жұмыс істеген жылдары ол 1-ші қалалық аурухана ашылғаннан кейін травматологиялық стационардың қалыптасуының басында тұрған белгілі мамандары: профессор Геннадий Федорович Веновпен, бөлім меңгерушілері Геннадий Васильевич Хромцовпен және Канат Табылдинович Асылхановпен жұмыс істеді.
Майкен Маскеновна 7 жылдан бері лайықты демалыста болса да, мамандығына деген адалдықтың үлгісін көрсетіп, өз ұжымында жұмысын жалғастыруда.
2025 жылы Майкен Маскеновна «Еңбек Ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Павлодар облысының әкімі табыс етті.
Медицина саласына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мақтан тұтамыз және алғыс айтамыз!