Оқу-өндірістік комбинаты 8-сынып оқушыларына арналған танымдық әрі хош иісті «Жас кондитер: Жаңа жылға арналған зімбір пірәндіктері» атты шеберлік сабағын ұйымдастырды. Павлодар қаласының Малайсары батыр атындағы, №5, №7, М.Әлімбаев атындағы, №15, №18, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық типтегі және №36 мектептерінің оқушылары қатысты.
Сабақты тәжірибелі маман, кондитер Наталья Павловна Калакша өткізді. Ол оқушылармен қамыр дайындаудың құпияларымен бөлісіп, пішін жасау тәсілдерін көрсетті және үдерісті аспаздық өнердің қызықты қырларымен толықтырды.
Әрбір оқушы өзін нағыз кондитер ретінде сынап көрді: қамыр илеп, пішіндеп, безендіріп, ең бастысы — өзіне ғана тән ерекше зімбір пірәндігін жасады.
Бұл күні шеберханада шығармашылық, еңбек орнады жаңа піскен тәттілердің ғажайып хош иісінетолы болды.
Оқушылар жаңа практикалық дағдыларды ғана емес, сондай-ақ көптеген жағымды эмоциялар мен мерекелік көңіл күйгеие болды!
Мұндай сабақтар шабыттандырып, дарындардыанықтауға көмектеседі — кім білсін, мүмкін қатысушылардың арасында болашақ шебер-кондитерлер өсіп келе жатқан шығар!




