Сенім телефоны
22-00-97
Мекенжайы: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Үлкен қаржы әлеміндегі бір күн!
02-02-2026 11:01
Үлкен қаржы әлеміндегі бір күн!

ОӨК-да «Менеджмент және маркетинг» және «Жаһандық құзыреттер» курстарында оқитын 5, 6, 36 жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары «Alatau City Bank» Павлодар филиалына барып, банк қызметімен танысты. Бұл жай ғана кеңселерді аралау ғана емес, болашақ мамандықпен танысу болды.
Диаз Рыстыгалиевич Шорманов сандар, стратегиялар және клиенттік сервис әлемімен таныстырды. Оның кәсібилігі мен ашықтығының арқасында оқушылар:
- банк процестері ішкі жағынан қалай жұмыс істейтіні туралы;
- бүгінгі таңда қаржы секторында қандай дағдылар (Soft & Hard Skills) сұранысқа ие туралы;
- неліктен банк ісі тек ақша туралы ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялар мен сенім екенін білді.
Жоғары сынып оқушылары үшін мұндай кездесу өзін — өзі анықтаудың ең жақсы тәсілі болып табылады. Оқулықтарда қаржы туралы оқу бір бөлек, ал бөлшек сауда жөніндегі директорына сұрақтар қою және банктің «жүрегінің» жұмысын өз көзімен көру мүлдем басқа.
«Alatau City Bank» ұжымына және Диаз Рыстыгалиевичке біздің болашақ түлектерімізге керемет кейс пен шабыт бергені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
Экскурсия «Бизнес, басқару, құқық және қауіпсіздік» мамандықтар айлығы аясында өтті.